«Достық» лагерінде өткен оқыту семинары

Автор: Бекбергенова А.И., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

«Достық» лагерінде өткен оқыту семинары 2013 жылдың 31 мамырында Ақтөбе қаласының ғылыми әдістемелік Орталығының және Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен мектеп жанындағы лагерлердің басшыларына және педагог-ұйымдастырушыларына арналған оқыту семинары өткізілді. Қалалық жас туристер стансасы жанындағы «Достық» лагерінде өткізілген оқыту семинарына мектеп жанындағы лагерь басшылары мен педагог-ұйымдастырушыларынан 51 адам қатысты.

Семинар жазғы балалар лагері ауысымындағы тәрбиелік жұмыстарды белсенді ұйымдастыру түрлерін арттыру, ұйымдастырушылардың шеберлік негіздерін игеруі үшін теориялық және практикалық сабақтар дәрісін беру, қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.

Семинар барысында Қалалық жас туристер стансасының қосымша білім беру педагогтері лагерь басшылары мен педагог-ұйымдастырушыларға жазғы демалыс лагерлерінде балалардың бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыру жолдары бойынша іскерлік ойындар, тренингтер, топтық жұмыстар ұйымдастырып өткізді. Сонымен қатар психологтардың ұйымдастыруымен психологиялық тренингтер де табиғат аясында ұйымдастырылды. Лагерь басшылары мен педагог-ұйымдастырушылар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілген түрлі ойындарға және сахналық қойылымдарға үлкен белсенділікпен және қызығушылықпен қатысып, тәжірибе алмасты.

Семинар соңында қатысушыларға сауалнама жүргізілді.Қатысушылар оқыту семинарының жоғары деңгейде өткізіліп, жазғы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шеберлік негіздерін үйренуде үлкен әсер алғандарын айтты.Қатысушылар оқыту семинарының дәстүрлі ұйымдастырылуын ұсынды.

Оқыту семинарына қатысқандарға Ақтөбе қаласының ғылыми-әдістемелік орталығы атынан сертификаттар табыс етіліп, Қалалық жас туристер стансасының қосымша білім беру педагогтері әзірлеп шығарған лагерь жұмыстары бойынша әдістемелік құралдары мен жинақтары тарту етілді. «Достық» лагерінің табиғат аясында өткен оқыту семинарынан қатысушылар үлкен әсер алып, достық қарым-қатынаста қимастықпен тарасты.

Оқыту семинары Оқыту семинары Оқыту семинары

Tags: Қосымша білім Қалалық жас туристер станцасы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда