Арайлы Ақтөбе – туған өлкем

Автор: Жанайдаров Ж.Т., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Арайлы Ақтөбе – туған өлкем2013 жылы 27 наурыз күні 8-10 класс аралығындағы оқушыларға арналған «Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Еліміздің жас ұрпақтарын азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеу, туған өлкесіне, тарихи мәдениетіне және рухани мұрасына деген көзқарасын арттыру мен туристік-өлкетану жұмысының инновациялық әдістері мен түрлерін ізденуге баулу мақсатында ұйымдастырылған конференцияны өткізу дәстүрге айналған. Конференция барысында қала және аудан мектептерінің оқушылары 3 бағытта ғылыми-зерттеу жобаларын қорғады. «Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!» қалалық ғылыми – тәжірибелік конференциясына 34 қала мектептерінен 40 оқушыға сұраныс тапсырылып, 36 оқушы қатысты.

  1. «Тарих және өлкетану» бағыты;
  2. «Туризм – спорт – денсаулық және экономика»;
  3. «Туған өлкенің мәдениеті».

Конференцияға қатысу барысында оқушылардың өз атамекеніне деген құрметтері, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктері артып, туған жерінің тарихы мен белгілі қайраткерлерін құрметтеп ізденуге құштарлықтары артты. Жеңімпаздарды әділ-қазы алқасы құрамындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының және Қазақ-орыс халықаралық университетінің кандидаттары, доценттері және қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының маманы анықтап, баға берді.

Үш бағыт бойынша жүлделі І орындарды иеленгендер:

  • «Тарих және өлкетану» бағыты бойынша І орын - Жүсіпәлиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі - Қойшин Қажымұрат;
  • «Туризм – спорт, денсаулық және экономика» бағыты бойынша І орын - №12 орта мектебі - Новиков Александр, Мястникова Кристина;
  • «Туған өлкенің мәдениеті» бағыты бойынша І орын - № 25 орта мектебі - Гордиенко Анна, Ефремова Наталья.

Жеңімпаздар дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды. Конференция қатысушыларына сертификаттар және тезис жинақтары тарту етілді.

Актобе - родной крайГородская станция юных туристов 27 марта 2013 года на базе СШ № 8 провела открытую научно-практическую конференцию «Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!» среди учащихся 8-10 классов школ. Участвовали 36 учащихся из 34 школ. Цель конференции – воспитание казахстанского патриотизма, любви к родине, приобщение детей к историческому, культурному и духовному наследию родного края. В работе 3-х секции участники состязались в знаниях по истории, культуре и туристско-спортивному развитию своего родного края, области. По оценке компетентного жюри – это кандидаты исторических, географических, педагогических наук высших учебных заведений города – Койшин Кажимурат (Уилская средняя школа имени Жусипалиева), Новикова Александр, Мястникова Кристина (СШ № 12), Гордиенко Анна, Ефремова Наташа (СШ № 25) стали главными призерами по секциям.

Победители и призеры награждены дипломами и благодарственными грамотами. Всем участникам вручены сертификаты и сборники тезисов работ конференции.

Tags: Қосымша білім Қалалық жас туристер станцасы Жанайдаров Ж.Т.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда