«Жүзден жүйрік» эстафетасы туралы бірер сөз

Автор: Жанайдаров Ж.Т., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

«Жүзден жүйрік» эстафетасыАқтөбе қалалық жас туристер стансасы күзгі және қысқы каникул кезінде мектеп базаларында туристік-экологиялық-өлкетану бағыттарында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды. Атап айтсақ, № 5, 14, 39, 40, 22, 17 қала мектептерінде «Жүзден жүйрік» туристік-экологиялық–өлкетану–танымдық бағыттарында эстафета түрінде жарыстар ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты, оқушылардың демалыс кезіндегі бос уақыттарын тиімді өткізуді ұйымдастыру, туристік-өлкетану белсенділіктерін арттыру, ұжымдық істе шеберлік пен бірлікке дағдыландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Жарыс барысында оқушылар спорт-туристік жол кедергілерінен, оның ішінде шыңға өрмелеуден өтіп, экология, өлкетану бағыттарындағы түрлі сұрақтарға жауап берді. Жарыста оқушылар командаларға бөлініп, 5-9 кезеңнен тұратын жол кедергілерінен өтті. Жарыс ойын-эстафета түрінде ұйымдастырылып, өте қызықты, әрі тартымды өтті. Сонымен қатар капитандар сайысы да өткізілді. 2012 жылы 5-8 класс аралығында № 5, 14, 39, 40 орта мектептерінде жарысқа 200 ден астам бала қатысты. Қысқы демалыс кезінде.

№ 22 орта мектепте және № 17 мектеп гимназиясында жарысқа 100-ге жуық бала қатысып, сынға түсті. Осы жарыстардың өткізілу барысында оқушылардың туған өлкесіне деген көзқарастары артылып, туған жері мен табиғаты жөніндегі мәліметтер және туристік дағдыларды игеруде білімдері толықтырылып, туристік-өлкетану тапсырмалары арқылы қызығушылықтары артты деген ойдамыз. Сонымен қатар жарысқа есепте тұрған тәртібі қиын балалар да үлкен қызығушылықпен қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Пару строк об эстафете «Жүзден жүйрік»

Эстафета «Жүзден жүйрік»Городская станция юных туристов в 2012-2013 учебном году в целях пропаганды детско-юношеского туризма и краеведения, организации досуга детей в каникулярное время, формирования стремления к здоровому образу жизни во время осенних и зимних каникул организовала и провела соревнования туристско-эколого-краеведческого направления «Жүзден жүйрік» среди учащихся школ № 5, 14, 39, 40, 22, 17.

Соревнования были командные, участвовали учащиеся 5-9 классов, общий охват детей составил 200 человек. В ходе соревнований – эстафет проводились не только соревнования с элементами туризма, но были включены этапы с заданиями краеведения и экологии по родному краю. Участники соревнований были очень активные, отнеслись с большим интересом и задором, ведь такие соревнования с элементами экстрима всегда нравятся детям.

Tags: Қосымша білім Қалалық жас туристер станцасы Жанайдаров Ж.Т.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда