«Достық» жазғы лагеріндегі жасыл желекті каникул

Автор: Бекбергенова А.И., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Жасыл желекті каникул Қалалық жас туристер стансасы жанындағы «Достық» жазғы лагері 2013 жылдың 5 маусымында жазғы демалыс маусымының бірінші кезеңі «Жасыл желекті каникул» экологиялық-биологиялық бағытында өз қызметін бастады. Лагердің әр маусымы экологиялық-биологиялық, спорт-туристік, ғылыми-техникалық, мәдени-танымдық бағыттарында ұйымдастырылып өткізіледі. Лагерімізде балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін бар жағдай жасалған. Лагерде жалпы демалыс маусымының төрт кезеңінде аз қамтылған отбасы, көп балалы ата-аналардың балалары, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардан 300 бала тегін ақысыз демалады. 

Лагердегі балалардың әр күнін қызықты өткізу үшін тәрбиешілер мен тәлімгерлер, қосымша білім беру педагогтері тынбай қызмет атқаруда.

12 күн бойы балалар спорттық, туристік, экологиялық – биологиялық бағыттағы үйірмелермен қатар ән, би, актерлік шеберлік, бейнелеу және ұлттық нақыштағы тұрғызылған киіз үйде қолөнер «Шеберлер ауылы» үйірмелеріне қатысады. Мәдени бағыттағы үйірмелерге қатысқан балалар 12 күн бойы өнерлерін сахнаға алып шықса, экологиялық-биологиялық, бейнелеу және қолөнер үйірмелеріндегі балалардың жұмыстарынан «Табиғи бұйымдардан балалар жасаған ғажайып» атты көрмелер, балалар алаңы жасақталып ұйымдастырылды.

«Достық» лагері - балалар үшін таптырмас жазғы демалыста тынығу орны. Жасыл желектің ортасында орналасқан «Достық» лагерінің ерекшелігі –үнемі спорт-туристік бағытында жұмыстар жүргізіледі. Спорттық туризм үйірмесінде балалар шатыр құруды, алау жағуды, түрлі туристік жол кедерігілерінен өтіп, туристік эстафеталарға қатысады. Үйірмеге әсіресе ер балалар үлкен қызығушылықпен белсене қатысады.Сонымен қатар лагерде балалар бассейні бар. Бұл балдырғандардың қауіпсіздігі үшін тиімді әдіс және денсалықтың шынығуына үлкен әсері бар. Салауатты өмір салтын насихаттау барысында балалардың бассейнге барар жолында туристік кедергілер мен био жолдар жасалған. Лагерде бүлдіршіндердің әрбір күнін ерекше өткізу үшін, қызықты түрлі спорттық, туристік, мәдени, зияткерлік, экологиялық және тағы басқа шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сонымен қатар балалар қаламыздың мәдени орталықтары Т.Ахтанов атындағы драма театры, «Алақай» қуыршақ театрының қойылымдарын, Планетарий қызметкерлерінің көмегімен аспан әлеміндегі жұлдыздарды тамашалайды. «Қамқор» жануарларды қорғау қоғамы мен Н.Байғанин атындағы кітапхана қызметкерлері түрлі шаралар мен тренингтер өткізді. Балалар мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандармен ашық әңгімелесті. Бірінші кезең бойынша балаларының өткізген жазғы демалыстарына риза болған ата-аналар тілек дәптеріне өз ризашылықтарын білдіріп, лагерь ұжымына алғыстарын айтты. Лагердің І кезеңінің жабылу салтанатында Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, халық ағарту ісінің құрметті қызметкері, тарихшы, ақын, демалушы оқушының атасы Төлеуғали Бженов лагерь ұжымына тілегін жолдап, ақ батасын берді. 12 күн бойы түрлі қызықты шараларға белсенділікпен қатысып, бір үйдің баласындай тату-тәтті достасқан жас балғындар лагерден қимастықпен қоштасты. Бала - біздің болашағымыз. Балалар жазғы демалысты асыға күтеді. Сондықтан балалардың жазғы демалысын жоғары, әрі өз деңгейінде өткізу - біздің парызымыз.

«Достық» жазғы лагеріндегі жасыл желекті каникул «Достық» жазғы лагеріндегі жасыл желекті каникул «Достық» жазғы лагеріндегі жасыл желекті каникул

Tags: Қосымша білім Қалалық жас туристер станцасы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда