«Спорттық отбасы – әкем, анам және мен» спорттық сайыс

Автор: Ақтөбе қ. ҚҒӘО. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Спорттық отбасы - әкем, анам және мен30.04.13 № 1 «Гүлдер» мектепке дейінгі ұйымында «Спорттық отбасы – әкем, анам және мен» атты қалалық отбасылық спорттық сайыс өтті. Сайыс «Гарри Потер» фильмінің кейіпкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Бұл сайысқа 6 мектепке дейінгі ұйым: № 7 «Арман» мектепке дейінгі гимназия, № 8 «Балбөбек», № 12 «Інжугүл», № 14 «Қонжық», № 36 «Балақай», № 43 «Гүлдәурен» қатысты. Әр отбасылық команда өздерін таныстырып, музыкалы-спорттық нөмерін және ұранын назарға ұсынды. Гарри Поттер мен оның ата-анасы берілген тапсырмаларды орындау арқылы сайысты жеңілдете түсті.

Әділқазылар алқасының мүшелері: ҚҒӘО директоры – Мухамбетова Ж.Ж., ҚҒӘО әдіскері – Есенова Ж.А., № 1 «Гүлдер» мектепке дейінгі ұйымының меңгерушісі – Ахметова Р.А.

Сайыс нәтижелері бойынша № 43 «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйымының спорттық отбасы ГРАН-ПРИ иегері болды.

  • 1 орын – № 14 «Қонжық» МДҰ;
  • 2 орын – № 8 «Балбөбек» МДҰ;
  • 3 орын – № 36 «Балақай» МДҰ.

№ 7 «Арман» МДҰ «Супер семья», № 12 «Інжугүл» мектепке дейінгі ұйымының спорттық отбасы «Семья – надежда и опора человечеству» атты ордендеріне ие болды. Ата-аналар сайысқа белсенді қатысып, өткізілген мейрам үшін алғыстарын білдірді.

Спорттық отбасы - әкем, анам және мен Спорттық отбасы - әкем, анам және мен Спорттық отбасы - әкем, анам және мен

Tags: Мухамбетова Ж.Ж. «Інжугүл» балабақшалар «Гүлдәурен» «Арман» «Гүлдер» «Қонжық» «Балақай»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда