Жаңашылдыққа жетелейтін жетекшінің жеңісі

Автор: Рахатова К.Ж., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Жаңашылдыққа жетелейтін жетекшінің жеңісі Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің немесе кафедрасының үздік жетекшісі – 2013» байқауында қала бойынша тоғыз әдіскердің кәсіби тұғыры нығайды деуге әбден болады.

Жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлаған А. Тоғымбаева (№ 32 ОМГ) «Б» дыбысынан басталатын эссесімен «бастауыштың байрағын биікке байласа», С. Пустоварова (№ 53 ОМ) қазіргі әдістемелік қызметтің мазмұнын жаңартудың жаңа қырын ортаға салды. Эксперимент жұмысының негізін қалаушы маман ретінде өз тәжірибесімен бөліскен Т. Наумцева (№ 20 ОМЛ) және баспасөз мәслихатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сайраған Г. Нұрымбетовалар (№ 50 ОМ) екінші орынды иемденді.

Әдістемелік рингте теориялық білімі жағынан кеңінен көсілген Г. Ибрашева (ҚҚОМ) мен өзін таныстыруды өнерімен өрлеген Д. Аманшиева (№ 34 ОМ) үшінші орынға ие болды. Жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңартудағы әдістемелік бірлестік жетекшілерінің қиын да қызықты жұмысының сан қырын көрсете білген А. Лязева (№ 23 ОМЛ), М. Войтке (№ 3 ОМ) және Д. Успанова (№ 16 ОМ) «Жаңашылдыққа жетелеуші» номинациясымен марапатталды.

Екінші жыл өткізіліп отырған кәсіби байқау осылай өз мәресіне жетті. Озат тәжірибе, ортақ әдіс, шығармалық шеберлік бастауыштың бетке ұстар бағыты екені осылайша тағы бір мәрте дәлелденді.

images images images

Tags: бастауыш класс Мектептер Рахатова К.Ж.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда