Оқытуда жаңа технологияларды қолдана отырып

Автор: Темирханова Р.К., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын арттыру 2013 жылдың 29 қазан күні Ақтөбе қаласындағы № 36 орта мектебінде «Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын арттыру» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қалалық семинары өтті. Белгіленген семинардың бағдарламалық жұмыстарын қадағалап, оның өз дәрежесінде өтуін ұйымдастыруға қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Темирханова Р.К. басшылық етті. Семинарға қала мектептерінің 20 дан астам мұғалімдері қатынасты.

Семинардың мақсаты – қала мектептерінің мұғалімдерімен кәсіби байланысты нығайту және кеңейту, АКТ-технологиялар мен білім беруде инновациялық әдістерді қолдануға дағдыландыру мақсатында ақпараттық серіктестік тәжірибе алмасу болды.

Семинардың ашылу салтанатында мектеп директоры Булатова Г.К. сөз алып, қатысушыларға игі тілектерін арнады. Қалалық ғылыми–әдістемелік орталығының әдіскері Темирханова Р.К. «Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында өз ойын ортаға салды. Жас маман Ә. Дәрібай бастауыш кластардағы ағылшын тілі бүгінгі күн талабы туралы баяндама оқып, панарамалық сабақ көрсетті.

Семинардың практикалық бөлімі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кунуспаева А.М. 6 «А» класында өткізген «Food» ашық сабағымен басталды. Осы мұғаліммен қатар Рабаева А.Ш. 3«Б» класында «Is he your grandpa?» атты ашық сабақ өткізді. 5 «б» класында пән мұғалімі Ж.Урдашева «My Flat» және 9 «а» класында пән мұғалімі Г. Кунуспаева «Are you a web user?» тақырыбындағы ашық сабақтарымен семинарды жалғастырды.

images images images

10-11 класс оқушыларының «Immortal poets of the world literature» тақырыбындағы сыныптан тыс шараны ағылшын тіл пән мұғалімдері қызықты ұйымдастыра білді. Кластан тыс шараға бірнеше оқушылар қатысуымен Шекспир, Абай шығармаларынан үзінділер көрсетілді.

Семинарға қатысушылар № 36 мектепте өткен қалалық ағылшын тілі семинарына ризашылықтарын білдіріп, алған әсерлерін айтып өз тәжірибелерімен алмасып, семинардың тиімділігі жөнінде пікірлерін білдірді.

images images images

Tags: семинар № 36 орта мектеп Темирханова Р.К. иностранный язык

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда