Бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің іскер жетекшісі

Автор: Рахатова К.Ж., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Мектептегі бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің ауыр жүгін арқалап, құрамындағы мұғалімдерге жаңашылдық пен эксперименттің, білім жетілдіру жолдарының түрлі шараларының тиімділігін үйрететін бірлестік жетекшілері.

Бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің үздік жетекшісі Бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің үздік жетекшісі Бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің үздік жетекшісі

Қаңтар айының 29-30 аралығында, қалалық әдістемелік Орталықтың ұйымдастыруымен «Бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің үздік жетекшісі» байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты – әдістемелік бірлестік жетекшілерінің әлеуметтік мәртебесін, шығармашылдығын, іскерлігін анықтау.

№ 48 орта мектеп базасында ұйымдастырылған байқауға қала мектептерінен №№ 12, 24, 25, 27, 51 және Новый орта мектебінің бірлестік жетекшілері қатысты. І кезеңде сайысқа қатысушылар әдістемелік жетекші ретінде өздерін таныстырды. Бұл кезеңде № 25, 27 мектеп сайыскерлері өздерін әйгілі орыс ертегілері «Сказка о царе Салтане», «Золотой ключик» ертегі кейіпкерлері, ал № 51 мектеп сайыскерлері «Сыр сұхбат» телеарнасының тілшісімен сұхбаттасу арқылы өздерін таныстырды. Новый орта мектебінің сайыскері мектеп ауласындағы адам жүйкесін тыныштандыратын керемет гүл «түймедағы» ретінде өзін көркем бейнелей білді.

І кезеңде сайыскерлер «Бастауыш кластағы әдістемелік жұмыстың мазмұнын жаңарту» тақырыбында шебер-класс жұмысын көрсету арқылы бақтарын сынады. Сайысқа қатысушылар бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғай отырып, бірлестік отырыстарын ұйымдастырудағы шеберліктерін жан – жақты көрсетті.

Байқаудың ІІІ кезеңі «Әдістемелік ринг» түрінде ұйымдастырылды. Бұл бөлімде сайыскерлер кәсіби мамандықтарына байланысты білімдерімен сайысқа түсті.

Байқау нәтижесінде жүлделі І орынды № 25 арнаулы орта мектептің кафедра жетекшісі Л.У.Шайхина, ІІ орынды Новый орта мектебінің бірлестік жетекшісі А.Кенжеғазина, ІІІ орынды № 51 гимназияның кафедра жетекшісі Ж.Селбаевалар иеленді. Жеңімпаздарға Ақтөбе нотариалды округының нотариусы Қ.Д.Есекешова және «М-Стиль» ЖШС-нің директоры М.А.Жұмағұловтар демеушілік көрсетті.

«Эрудит әдіскер» номинациясына № 27 КОМ – С. А. Калиева, «Ізденімпаз жетекші» № 12 ОМ-тен Е. В.Луценко, «Шығармашыл жетекші» номинациясына № 24 ЛМГ-дан Ж. Б. Ашабаева ие болды.

Баяндалған әдістемелік шара қала көлемінде тұңғыш рет өткізілді. Алда әлі де алатын асудың көп екендігіне көзі жеткен қатысушылар мен көрермендер шығармашылық шабытқа бөленді деуге әбден болады.

Конкурс «Лучший руководитель МО начального звена»

Руководители методического объединения начального звена, взвалили на плечи тяжелую работу объединения, при этом обучая своих учителей новизне и эксперименту, а также, указывая на наиболее оптимальные пути повышения самообразования педагогов. В связи с этим, 29-30 января прошёл конкурс «Лучший руководитель МО начального звена», организованный городским научно-методическим Центром. Цель конкурса – выявить социальный статус, творческие способности и мастерство руководителя МО начального звена.

В конкурсе, организованном на базе СШ № 48, приняли участие руководители МО начальных классов СШ № 12, 24, 25, 27, 51, а также руководитель МО средней школы пос.Новый.

На І этапе конкурсанты познакомили себя как руководителей МО. На этом этапе, если конкурсанты СШ № 25, 27 выступили как герои знаменитых русских сказок «Сказка о царе Салтане», «Золотой ключик», то конкурсанты СШ № 51 представили свое выступление виде телепередачи «Секретное интервью». Конкурсант СШ пос.Новый познакомил себя виде прекрасного цветка, растущего во дворе школы и обладающего успокаивающим свойством.

На ІІ этапе конкурсанты прошли испытание через показ работы мастер-класса по теме «Обновление содержание работы методического объединения начального звена». Конкурсанты затрагивая методические проблемы сегодняшнего дня, сумели показать свое мастерство в организации работы методического объединения.

ІІІ этап был организован в виде «Методического ринга». В этой части конкурсанты показали профессиональные знания по своей специальности.

По итогам, проведенного конкурса, были удостоены, І призового места, руководитель кафедры специализированной СШ № 25 Л.У.Шайхина, ІІ место, А. Кенжегазина, руководитель методического объединения СШ пос. Новый, ІІІ место, Ж. Сельбаева, руководитель кафедры № 51 гимназии.

Спонсорами победителей конкурса явились К.Д. Есекешова, нотариус нотариального округа Актобе и М.А.Жумагулов директор ТОО «М-Стиль».

Были удостоены номинациями «Эрудит әдіскер» С.А. Калиева СШ № 27, «Ізденімпаз жетекші» Е.В. Луценко СШ № 12, в номинации «Шығармашыл жетекші» Ж.Б. Ашабаева лингвистическаая школа-гимназия № 24.

Такое мероприятие в городском масштабе было проведено впервые.

Tags: конкурс бастауыш класс Мектептер Рахатова К.Ж.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда