Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен семинар өтті

Автор: Ермағамбетова Қ.И., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен семинар өтті Бүгінгі қазақ тілі - мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір қаруы. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды тиімді пайдалану - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің басты міндеті.

Осыған орай, № 42 ОМ базасында 2013 жылдың 5 ақпанында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологиялардың тиімділігі» тақырыбында қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығымен бірлесе отырып, семинар-практикум өтті.

Семинарды ҚҒӘО әдіскері Қ. Ермағамбетова «Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушының қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру» тақырыбында сөз бастаса, пән мұғалімдері осы тақырыпта баяндамалар оқып, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Пән мұғалімі Қалдыгүл Мырзатаева Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасы сабағында ассоциация, венн диаграммасы, семантикалық карта, алты телпек СТО стратегияларын тиімді пайдаланып, оқушылары сахналық көріністерді шебер көрсетіп, сабақты шеберлікпен жүргізді. Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» сабағын 7 «б» класта пән мұғалімі Жұмагүл Досбаева СТО стратегиялардың топтастыру, ЖИГСО, екі жақты күнделік, ИНСЕРТ әдістерін сабақта тиімді қолданып, сабақты тартымды өткізді. «Етістерді қайталау» сабағын 6 «а» класта Тәуекелова Жанат көрсетті. Сабағын «Туған жер» тақырыбымен байланыстырып, «Киіз үй» сұрақтарын, еркін жазу, ойлану, жұптасу, пікір алмасу, сенмантикалық карта, үш кезең сайысын жүргізді.

Семинардың практикалық бөлімінен соң «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолданылатын жаңа технологиялар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұнда Г.Санаева «Сан есімді қайталау», «Амандасу», Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» атты сабақтарында Блум жүйесі, деңгейлік тапсырмалар, СТО стратегиялармен өткен сабақтар үлгілерін көрсетті. Қ.Утепбергенова «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы жеке тұлғаны дамытудағы жаңа технологиялар» тақырыбына баяндама оқыды, Ж.Есенова келген ұстаздарға рефлекция жүргізді. Семинарға келген ұстаздар жақсы әсер алып, пікірлерін айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қорыта келгенде, жаңа технологияларды қазақ тілі сабақтарында пайдаланудың тиімділіктері көп. Біріншіден, оқушының қазақ тіліне деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Екіншіден, оқушы жұмыс істейді. Нәтижесінде білім сапасы артады. Үшіншіден, біз оқушыны болашақ мамандық иесі болуға даярлаймыз. Қай салада мамандық таңдаса да, ол жан – жақты дамыған, өмірге бейімделген адам болып шығуға мектептен үйреніп, білуі тиіс. Жоғарғы оқу орындарында кредиттік жүйе. Сондықтан осы технологияларды қолдану арқылы болашақ студентті жоғарғы оқу орындарының қабырғасында ауыртпашылық көрмей, тез үйреніп кетуге жағдай жасаймыз.

Tags: № 42 орта мектеп семинар-практикум қазақ тілі Ермағамбетова Қ.И.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда