ҰБТ-ға дайындық жұмысының әдістері мен формалары

Автор: Ермағамбетова Қ.И., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Тест сұрақтарын әзірлеу, оқушыларды тест сұрақтарына жауап беруге дайындау және тапсыру мәселелеріне қатысты біраз тәжірибе жинақтап қалдық. Тест құрастыру орталығының оқушыдан жан-жақты, терең білімді талап ететіндей етіп құрастырған тест жинақтарынан басқа әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс-тәсілдері болады. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің ең басты міндеті. Осы мақсатта тіл сабақтарында түрлі тестерді қолдану тиімді. Тест түрлері оқушыны ынталандыратындай, қызықтыратындай, ойландыратындай болуы керек.

ҰБТ-ға дайындық жұмысының әдістері мен формалары ҰБТ-ға дайындық жұмысының әдістері мен формалары ҰБТ-ға дайындық жұмысының әдістері мен формалары

Осыған орай қалалық ғылыми әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес № 25 арнаулы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «ҰБТ-ға дайындық жұмысының әдістері мен формалары» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қалалық аралас және орыс мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.Семинарды мектеп директорның ОТЖ орынбасары Б.Ә.Макенова ашып, соңғы үш жылдағы оқушылардың ҰБТ-дан жетістіктерін айтып өтті. Теориялық бөлімінде ҚҒӘО әдіскері Қ.И. Ермағамбетова ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары туралы ой бөлісті. Семинардың теориялық бөлімінде З.Қ.Құлтазина қазақ тілі пәні бойынша «Қазіргі қазақ тілі» тақырыбына сабақ көрсетсе, З.М. Матжанова «Қазақстан Республикасының саяси жүйесі» тақырыбында жаңашыл сабағын көрсетті.Қазақ тілінен «Аянның күн тәртібі» сабағын Ә.А.Баймағамбетова, «Музыка аспаптары» тақырыбындағы сабағымен Г.М.Мұхамбетова бөлісті. «Қазіргі заманға сай сабақтар, жаңа талаптар, мүмкіндіктер...» тақырыбымен З.Қ.Құлтазина, Ш.О.Баядилова сөз сөйлеп, өздерінің сабақ берудегі жаңа технологиялары арқылы ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсету жолдарын айтты.Семинар соңы мектеп психологі Г.В.Ковганенко келген қонақтармен жасаған рефлексиясымен және семинарды қорытындылаумен аяқталды. Семинарға келген мұғалімдер мектеп мұғалімдеріне жылы лебіздерін білдіріп, өздерімен бірге бірнеше жаңа әдістермен тәсілдерді ала кетті.

Tags: семинар ҰБТ қазақ тілі Ермағамбетова Қ.И. Специализированная средняя школа № 25

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда