Музыка пәні мұғалімдерінің іс-әрекетіндегі шеберлік

Автор: № 51 гимназия. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Музыка пәні мұғалімдерінің іс-әрекетіндегі шеберлік Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан бұл ұстазға жүктелер міндет» – деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген педагог болуы керек.

Осы орайда 1-наурыз күні қалалық-ғылыми әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен № 51 гимназияда «Музыка пәні мұғалімдерінің іс-әрекетіндегі педагогикалық шеберлік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – музыка пәні мұғалімдерінің шеберліктерін арттыру мақсатында өзара тәжірибе алмасу, мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін тарату. Дөңгелек үстелдің өтуіне жауапты және оны жүргізген осы № 51 гимназияның музыка пәнінің мұғалімі Маханиязова Айнагүл Ұзақбайқызы болды. Өтілу барысында «Педагогикалық шеберлік – кәсіби мұғалім келбеті» тақырыбында А.Ұ.Маханиязова педагогикалық шеберлік туралы және қазіргі мұғалімнің келбеті мен беделі қандай болу керек екендігін айтып өтті. Қала мектептеріндегі музыка пәнінің мұғалімдері «Мұғалім шеберлігі – музыка сабақтарында» тақырыбында өздерінің жүргізіп жатқан жұмыстары мен сабақтары туралы айтып бір-бірімен тәжірибе алмасты. Атап айсақ, № 32 ОМГ Г. Досаева, № 24 ЛМГ Ж.Т. Хасенова, № 36 ОМ Н.К. Иманалина, № 21 ОМГ Г.Ә. Дандыбаева, № 40 ОМ Л.Е. Мырзатаева сияқты музыка пәнінің мұғалімдері.

Мұғалім шеберлігінің шыңы – шығармашылық,осыған байланысты № 51 гимназияның музыка пәнінің мұғалімдері оқушылармен жүргізіп жүрген шығармашылық жұмыстарымен таныстырды. «Музыка сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту» тақырыбында А.Ұ.Маханиязова және «Домбыра үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында Е.Ж.Тастанова қатысушы мұғалімдермен практикалық жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар мұғалімдердің шеберліктерін шыңдау мақсатында № 51 гимназия психологтарының көмегімен қызықты әрі тартымды психологиялық тренингтер мен педагогикалық тапсырмалар ұсынылып, олар жоғары дәрежеде орындалды. Дөңгелек үстелге қатысушы мұғалімдер жүргізілген жұмыстарға жоғары белсенділік танытты. Дөңлегек үстел соңында жұмыс барысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығы және қатысушы мұғалімдер өте жақсы әрі белсенді қатысқандығы аталып, дөңгелек үстел отырысы мақсатына жетті деп қорытындылады.

Tags: № 51 гимназия

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда