Келді Наурыз даладай кеңдігімен

Автор: Шалабаева Ж.Б., № 8 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Келді Наурыз даладай кеңдігімен Ақтөбе қаласы № 8 орта мектебінде Наурыз мерекесін тойлау бастауыш буында 16 наурызда басталды. «Келді Наурыз даладай кеңдігімен...» атты кең көлемде ұйымшылдықпен өткізілген Наурыз тойдың куәсі болдық. Бастауыш класс мұғалімдері мен ата-аналардың байланысы, белсенділігінің нәтижесінде жаңа үлгідегі, сәнді мәжіліс залында «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ», «Жарастық», «Бейбітшілік», «Татулық» ауылдары ағаш үй құрды. Әр ауылға жиналған кимешек киген әжелер мен ақ жауықты аналар, ұлттық киім киген балалар тойдың сәні болды.

Мерекеге жиналған жұрт қыздар мың бұрала билесе, үлкендер балаларға «Сәлемдесу», «Ағаш отырғызу», «Тұсау кесер», «Бәсіре», «Сүйінші сұрау» дәстүрлерін сахналап, тәрбие берді. Ал Альбина мен Мирастың айтысы тойды қыздыра түсті.

Ұлыстың ұлы қүніне арналған Наурыз мерекесінің салт-дәстүрін шағын көріністер арқылы жеткізу, халқымыздың тамаша салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге тәрбиелеу, халықтың ортақ мейрамы арқылы ата-аналармен мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілген бұл шара жоғары деңгейде өтті. Жаңа білім ордасында жаңалыққа толы осындай кең көлемді тәрбиелік мәні бар мерекелік шаралар жалғасын таба бермек.

Tags: Шалабаева Ж.Б. бастауыш класс № 8 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда