Ата-баба мұрасын сақтаймыз және дамытамыз

Автор: Рахматов Н.С., МҚКК «Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы». Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Ата-баба мұрасын сақтаймыз және дамытамыз 2013 жылдың 11-20 наурыз аралығында Ақтөбе қаласы облыстық сәндік-қолданбалы өнері мұражайында жалпы білім беретін мектептермен мектептен тыс мекеме арасында Наурыз мейрамына арналып «Сәндік-қолданбалы қолөнер» көрме-конкурсы ұйымдастырылды.Ұйымдастырушылар қалалық білім бөлімі мен қалалық «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы».

Көрме-конкурстың мақсаты – рухани адамгершілік дәстүрлерді,халықтық өндірісті,ұлттық өнерді жаңғырту,жас ұрпақтың рухани қарым-қатынас жасауына жағдай туғызу,оқушыларды сәндік-қолданбалы өнер бойынша сабақтарға тарту, дарынды балаларды табу,олардың одан әрі кәсіптік өсуіне жағдай жасау.

Көрме-конкурсқа қаламыздың 28 мектебі мен 4 мектептен тыс мекеме қатысты. Қатысушылар 10-15 жас аралығындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, қосымша білім беретін мекеме жүйесіндегі студия, үйірмелердің білім алушылары. Сәндік-қолданбалы бағыт бойынша 8 номинациямен орындалған жұмыстар қабылданды. Көрмеге көшіріліп алынған немесе дайын үлгімен орындалған, сонымен қатар көркемдік деңгейі нашар жұмыстар қабылданбады. Көрме –конкурсқа ұсынылған жұмыс саны қаламыздағы мектептер арасында – 435, таңдап алынған жұмыс саны – 252. Барлығы 252 жұмыс көрмеге қойылды. Қаламыздағы мектептер арасында «Тоқыма материалынан жасалған көркемдік жұмыстар», «Көркем тоқу, өру, гобелен, кілем ісі», «Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері» сияқты өнерлеріміз жақсы дамып келуде. Қалалық көрменің жеңімпаздары Ақтөбе қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және БЖШО-ның мадақтамалары және сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздардың жұмыстары жуырда өтетін республикалық «Ата-баба мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты сәндік – қолданбалы өнері көрмесінің облыстық деңгейінде ұйымдастырылып жатқан көрмеге ұсынылды.

Ақтөбе облысының үздік жұмыстары республикалық «Ата-баба мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты сәндік – қолданбалы өнері көрмесінде жеңімпаз атанатынына сенім білдіремін.

Tags: Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда