Оралхан Бөкей – төр Алтайдың асылы

Автор: Ермағамбетова Қ.И., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Оралхан Бөкей Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы 2013 жылдың наурыз айының 26 күні № 13 ОМ базасында «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» фестивалі аясындағы 7-11 класс оқушылары арасында қазақ әдебиетінің көркемсөз шебері Оралхан Бөкей шығармашылығына деген құштарлығын арттыру және жас ұрпақ арасында қазақ әдебиетінің классикалық туындыларын насихаттау мақсатында «Оралхан Бөкей» оқуларын өткізді. Байқауда қатысушыларға О. Бөкей прозалық шығармаларынан үзінді оқу, драмалық шығармаларынан монолог оқу, белгілі ақындардың өлеңдерінен мәнерлеп өлең оқу, сатиралық шығармадан үзінді оқу талаптары қойылды.

Байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардыңкөркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері және тіл тазалығына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне, мәтінді таңдау талғамына баса назар аударады. Барлық сыннан сүрінбей өнер көрсетіп, көрермен мен қазыларды № 33 ОМ 10-класс оқушысы Есбосынова Раушан тәнті етіп, бас жүлдені иеленсе, Елек ОМ 8-класс оқушысы Баршау Замира мен № 13 ОМ 11-класс оқушысы Дәулеткерей Жансая екінші орындарды иеленді. Жүлделі үшінші орын Құршасай ОМ 9-класс оқушысы Жұмаева Аида мен Благодар ОМ 9-класс оқушысы Тел Асылзат бөлісті.

Tags: № 13 орта мектеп Ермағамбетова Қ.И.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда