Жақсылық жасай білеміз бе

Автор: Тасқожина М.Б., № 8 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

«Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» (Абайдың он төртінші қара сөзінен)

Жақсылық жасай білеміз бе Жуырда қала көлемінде өткен «Жақсылық жасай білеміз бе?» қайырымдылық акциясы шеңберінде Ақтөбе қаласындағы № 8 орта мектеп те шарадан тыс қалмады.

2013 жылдың наурыз айының 15 мен сәуір айының 15 аралығында « Жақсылық жасай білеміз бе? » атты «Қамқорлық» акциясы өтті. Акция кезінде мектебімізде «Жақсылық жасай білеміз бе?» атты тәрбие сағаттары әрбір кластарда өткізілді. «Жақсы іс жасау парызың» атты дөңгелек үстел 8-10 кластар аралығында ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектепке қарасты шағын аудандағы көшелер араланып, оқумен қамтылмай қалған оқушыларды мектепке тарту жұмыстары жүргізілді. «Қамқорлық» акциясы бойынша мектебіміздің мұғалімдері мен ата-аналар тарапынан қаржылай және киім кешектен көмек көрсетілді.

Бастауыш класс жетекшілері және бастауыш кластың ата-аналар комитеттері кластарындағы оқитын аз қамтылған отбасы балаларына киім кешекпен, оқу құралдарын алып берді. Жалпы көлемі 50000 (елу мың ) теңге көлемінде қаражат жұмсалды. 4ә класындағы аз қамтылған оқушыға 5000 теңге көлемінде тұратын костюм-шалбар алып берілді.

Жалпы мектебімізде қайырымдылық іс-шараларына 100 000 (жүз мың) теңге ақша жұмсалды. Соның ішінде атап айтар болсақ 15 оқушыға 60 мың теңге көлемінде киім кешек алынып берілді. Ал қалған 50 оқушыға 40 мың теңгеге көлемінде мектепке қажетті оқу құралдары мен оқулықтар берілді. Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары мектебімізде өткізіліп тұрады.

Tags: № 8 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда