Мен өмірді таңдаймын

Автор: Уразалина Г.Ш., № 39 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Мен өмірді таңдаймын 12 сәуір күні қаламыздағы № 39 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде «Мен өмірді таңдаймын» деген тақырыпта қала мектептерінің психолог мұғалімдерінің қатысуымен семинар болып өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты : баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының маңыздылығы. Бала санасының дамуына педагогикалық-психологиялық көмектің рөлі. Жас жеткіншектердің өмір жолында кездесетін түрлі келеңсіз жайттарды дұрыс қабылдап, олармен күресе білуі.

Семинарға қала мектептерінен 30 мұғалім қатынасты. Бұл бас қосудың басты ерекшелігі- қатынасушы психолог мұғалімдер өздерін оқушы ретінде сезініп, шара барысында араласып, пікірлерін ортаға сала отырды.

Жалпы семинарды ұйымдастырушы – осы мектептің психолог маманы Сарбасова Амангүл өзін жан-жақты ұйымдастырушы, шебер психолог ретінде көрсетті. Мәселен, өзі жетекшілік еткен класқа арналған авторлық педагогикалық-психологиялық тұжырымдамасымен таныстырып, көпшілік қолдауына ие болды. Түрлі тренинг, ой-талдау, бейнероликтер өмір мен заман ағымымен байланыста болды. Әсіресе, мектептегі өтпелі кезеңдегі оқушы басында болатын алғашқы махаббаттың сәтсіздіктері, түрлі келеңсіз оқиғалар, өмірдегі кедергілермен қалай күресу керектігі жайлы көптеген мәліметтер талданды. Тіпті қатынасушы мұғалімдер де өз ой-пікірлерімен бөлісіп, семинарды жанжандыра түсті. Барлық мұғалімдер өздеріне мол тәжірибе жинап қайтты.

Tags: психологи № 39 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда