Жаңашыл оқу үрдісіндегі креативтік даму

Автор: Сердалина К., № 36 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Жаңашыл оқу үрдісіндегі креативтік даму 2013 жылдың 17 сәуірі күні Ақтөбе қаласының № 36 қазақ орта мектебінің базасында қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Садыкова Айгүл Сәңкібайқызының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың танымдық әрекетін белсендіруде проблемалық сұрақтар мен жағдаяттарды құру» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Қаладағы қазақ және орыс тілдерінде орта білім беретін мектептерден 40-тан астам жаратылыстану пәні мұғалімдері қатынасты. Конференцияның жұмыс тәртібі бойынша пленарлық мәжілісте 7 баяндама тыңдалды.

Конференция жұмысына Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика ғылымдарының кандидаты Көгісов Сейіт Мухамедиярұлы мектеп оқушыларына сапалы білім берудің жолдары мен әдістерін тиімді қолданғанда ғана өз жемісін беретіні туралы мәселені қозғап, «Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу» тақырыбындағы баяндамасын оқыды.

Конференция жұмысы онан әрі секция отырысына жалғасты. Мұғалімдердің баяндамалары қызу талқыланып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Конференция соңында жаратылыстану пәндерін оқытудың маңызын арттыру мақсатында осындай іс-шаралардың болып тұруының қажеттілігі айтылды. Конференцияға қатысушылар бірауыздан төмендегідей ұсыныс жасады:

  1. АКТ-ның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, меңгертуге бағытталған дөңгелек үстел ұйымдастыру.
  2. Биология, география пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында қолданылатын электронды орта шығаруға жұмыстану.
  3. Жаратылыстану пән мұғалімдерінің инновациялық технологияларды тиімді қолдануы мақсатында жаңа үлгідегі кабинеттердің жабдықталуына жағдай тудыру.

Мазмұнды баяндама ұсынған мұғалімдер ҚҒӘО-тың «Грамотасымен» және «Алғыс хатымен» марапатталды. Аталған шараға қатысушылар конференцияның мазмұнды өткенін айтып, оң бағаларын берді.

Tags: № 36 орта мектеп конференция Садықова А.С. қазақ тілі

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда