«Тимуршылар отряды» жұмысы туралы

Автор: Тлеубергенова П., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

«Тимуршылар отряды» жұмысы туралы Міне, сұрапыл соғыстың шырмауынан шығып, арқамызды кеңге салып, бейбіт күнде өмір сүріп жатқанымызға – 68 жыл. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Миллиондаған бауырластарымыз, ата-әжелеріміз бейбіт күн үшін, Отаны үшін от кешті. Осы жылдарда санаулы қалған ардагерлеріміз бен тылда жұмыс жасаған ата-әжелерімізге құрмет көрсету жас ұрпақтың азаматтық борышы.

9 класс оқушыларынан құрылған «Тимуршылар командысы» тыл ардагері Вера Ивановна Терноваяның үйіне барып, ауласын қоқыстардан тазартып, арамшөптерді жұлып, қақпасын, шарбақ ағаштарын бояп берді. Қарт әже соғыс жылдарынан оқушыларға әңгімелеп берді. Әжей сый-сияпатқа, көмекке ризашылығын білдіріп, оқушыларға зор тілегі мен алғысын айтты.

Tags: № 45 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда