Жаңа формациядағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Автор: Ермағамбетова Қ.И., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Жаңа формациядағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы осы жылдың маусым айының 10-12 күндері аралығында келесі оқу жылында І, ІІ санатқа өтетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Жаңа формациядағы ұстаз және оған қойылатын талаптар» тақырыбында ақылы оқыту семинарын өткізді.

Семинарда «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жалпыға міндетті стандарт пен оқу бағдарламасы», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бірлестік жұмыстарын жүргізу» тақырыптары бойынша ҚҒӘО әдіскері Қ. Ермағамбетова таныстырса, № 15 орта мектептің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Қоңқабаева «Мұғалім құзіреттілігі», «Тіл үйретудегі жаңа заман сабақтары, оған қойылатын талаптар» тақырыбында дәріс оқыды.

Семинардың практикалық бөлімінде Ғ. Ақтаев атындағы № 6 ОМ мұғалімі Д. Мұхамедиярова «Шебер класс. Шығармашылық шеберхана ережесі.Сабақты түрлендіру, шығармашылық жұмыстарға баулу», «Жаңа формациядағы ұстазға қойылатын талаптар» туралы дәріс берді.

Семинар барысында қатысушы мұғалімдер дәріскерлермен бірге жұмыс жасап, өздеріне көптеген мағлұмат алды. Семинар соңында ұстаздарға ҚҒӘО сертификаттары табысталды.

Tags: семинар қазақ тілі Ермағамбетова Қ.И.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда