Мектептегі әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру түрлері

Автор: Сраж С.А., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны қорғап, нығайтып ұрпақтарға қалдыру қажет. (Н.Ә.Назарбаев)

Мектептегі әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыру түрлері Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік, әр азаматтың бойындағы күш-қуаты мен білімін, Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз. «Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі-онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі» – деп Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы патриотизмнің мәні мен мазмұнын ашып көрсетті.

Халқымыздың басты ерекшеліктерінің бірі-адам бойында ар-намысты ерте қалыптастыру, бала бойына сіңіру, сөйтіп оларды адам тіршілігінің, іс-қимылының өлшемі ретінде қарау. Ұрпаққа мұндай тәрбие беру-халықтың бүкіл өмір тіршілігінен көрінеді. Мектеп қабырғасында әскери-патриоттық тәрбие беру тек қана 10-11 кластарда жүргізілетін АӘД сабағында ғана емес, барлық класс оқушыларына сабақтан тыс өткізілетін іс-шаралар арқылы да беріледі.

Tags: АӘД Сраж С.А.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда