Балалар достастығын нығайтқан лагерь

Автор: Ермухамбетова А., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Балалар достастығын нығайтқан лагерь Балаларға берілген оқу жылы аяғындағы жазғы демалыс уақыты әр оқушының асыға күткен қызықты шағы. Балалардың демалысын қызықты, жоспарлы әрі денсаулыққа пайдалы өткізу мақсатында Ақтөбе қаласының «Ақжар-2» елді мекенінде орналасқан № 45 орта мектеп жанынан «Балдырған» лагері ашылды. Жергілікті бюджет есебінен лагерде 18 маусым мен 1 шілде аралығында 20 оқушы демалды.

Лагерде балалар күн тәртібіне сәйкес 4 мезгілдік тамақтанумен, түстен кейінгі ұйқымен және күнделікті тақырыптық іс-шаралармен қамтылды. Сонымен қатар, белсенді демалыс пен сауықтыру, балалардың шығармашылығын дамыту мен оқыту ұйымдасқан түрде қатар жүрді. Тәрбиешілер балаларды Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қойылымын тамашалауға, Облыстық өлкетану және Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мұражайларына, Ақтөбе облыстық планетарийге саяхатқа және «Шағала» бассейніне апарды. Ал «Алақай» қуыршақ театры біздің лагерге «Қайдасын анашым» қойылымымен қонаққа келді.

Лагердің ашылуы мен жабылуы салтанаты кезінде балалар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерді тәнті етті. Лагердің салтанатты жабылуында оқушылар мектеп әкімшілігі мен лагерь басшысына, тәрбиешілер Б,Жұмағазинаға, Л.Баймухановаға, Э.Башановаға және асхана қызметшілеріне өз алғыстарын білдірді. Ең маңыздысы – балалар осы лагерде жаңа достарын тапқандығын және бұрынғы достарын жаңа қырынан танығандығын қуанышпен жеткізді. Мектеп әкімшілігі өз тарапынан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға демеушілік көмек көрсеткені үшін «Автопарк» ЖШС мен жеке кәсіпкер Г.Тажикова алғыс білдіреді.

Tags: № 45 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда