Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімді әдістері

Автор: Куразова Қ.И., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімді әдістері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр." деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Осындай ұлағатты ұстаздар еңбек ететін білім ордасының бірі Ақтөбе қаласындағы № 6 орта мектебінде Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 2013-2014 оқу жылына арналған үйлестіру жоспарына сәйкес «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімді әдістері» тақырыбында шығармашылық шеберхана ашылды. Шығармашылық шеберхана мақсаты - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдіснамалық, ғылыми әдістемелік мәдениетін арттыру, мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуі үшін жағдай жасау. Шығармашылық шеберхана жетекшілері - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.К. Жолманова, А.С. Сулейменова. Шығармашылық шеберханаға қатысушыларды мектептің оқу ісінің меңгерушісі Д.Б. Мұханбедиярова қарсы алып, шығармашылық шеберхана жетекшілерінің жетістіктеріне тоқталды.

Шеберхананың ашылуына қатысқан ҚҒӘО әдіскері Қ.И.Ермағамбетова мұғалімдердің қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жасап, кәсіби біліктілік деңгейінің артуына шығармашылық шеберханалардың тигізер пайдасының зор екендігі жөнінде айта келіп, шеберхана мүшелері мен жетекшілеріне сәттілік тіледі.

Шығармашылық шеберхана мүшелігіне қала мектептерінен 10 мұғалім тіркелді. Олар: Балмағанбетова Нұршат № 24 ЛМГ, Байғабылова Гаухар № 23 ОМЛ, Қартмағамбетова Бекзада Кайырбаевна Новый орта мектебі, Әбілдаева Әлия Жаппарқұлқызы Новый орта мектебі, Жұмағалиева Айзат Амановна № 53 орта мектеп, Сидешева Клара Фазыловна № 26 ОМ, Шауленова Жанна Берікқызы Қызылжар орта мектебі, Кенжешева Аққаным Алиевна № 52 негізгі мектеп, Ғаббасов Нұрболат Талапұлы № 31 орта мектеп, Байғараева Шынар № 6 ОМ.

Шығармашылық шеберхана жетекшісі А.К. Жолманова шеберхананың мақсаттары мен міндеттері туралы айта келіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімді әдістері» тақырыбында инновациялық технологияларға тоқталды, СТО технологиясының әдістері туралы жан-жақты мәліметтер бере отырып лекция сабақ өткізсе, А.С. Сулейменова осы тақырыпта ақпараттық технологияға негізделген панорамалық сабақ өткізді. Жаңа бағдарламалық материалдарға сәйкес А. Сейдімбектің «Әйел-ана» тақырыбын СТО технологиясымен өткізудің әдістеріне тоқталды.Сабақ барысында шығармашылық шеберхана мүшелері жаңа технологиялармен өткізілген сабақтың тиімділігіне көз жеткізді. Сабақтың жоғары деңгейде өтіп, көп әдістер үйренгендіктерін айтты.

images images images

Tags: № 6 орта мектеп қазақ тілі Куразова Қ.И.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда