Бір жасқа толған білім ордасы

Автор: Ильясова А.С., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Бір жасқа толған білім ордасы Бүгінгі таңда бәсекелестікке қабілетті еліміздің ең өзекті мәселелерінің бірі – жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру. Осыған орай елбасының бастамасымен елімізде білім ордаларының саны да арта түсуде. Қаланың солтүстік жақ бетінде орналасқан «Ақжар-2» елді мекенінде осыдан тура бір жыл бұрын 150 орындық жаңа мектеп бой көтеріп, оқушылар жақын жерден білім алатынына қуанса, ата-аналар балаларының мектепке барып – қайтуын уайым етпейтініне қуанған болатын. Міне биыл осы қуанышты жағдайдың орын алғанына, жаңа мектептің білім қуған жас өрендерімізге құшағын айқара ашқанына бір жыл толып отыр.

Бір жасқа толған білім ордасы 19 қараша... Мектеп дәлізі... Тамаша әуендер... Көтеріңкі көңіл-күй... Жүздері бал-бұл жайнаған оқушылар мен мерекелік көңіл-күйдегі ұстаздар. «Бұл не қылған мереке?» деп таңқалар сырттан келген адамдар. Бұл – білім ордасының туылған күніне арналған мереке еді. Міне осылайша білім ордасының туылған күні – мерекелік концерт, оқушылардың қаламынан туындаған шығармаларының байқауы және әр бірлестік мұғалімдерінен құралған топтардың эстафеталық жарысымен жалғасын тапты. Жарыс барысында гуманитарлық, жаратылыстану, бастауыш, кіші қызметкерлер тобынан құралған топтар өздерін спорттық өнері жағынан көрсете білді. Ал мерекелік кешке ата-аналар комитетінің құрамы шақырылып, ата-аналар мектеп ұжымына деген алғыстарын білдіріп, оқушылардың үлгілі оқуына, мектептің даңқының арта беруіне тілектестіктерін білдірді. Біз де алыстан «мен мұндалап» биіктен көзге оқшау көрініп тұрған мектебімізге ұзақ ғұмыр, тәрбиелі де үздік шәкірттер мен биік белестер тілейміз.

Tags: Тажимишев А.А. № 45 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда