Сөз шығармашылық қабілеттерін дамыту

Автор: Шалабаева Г.У. ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Сөз шығармашылық қабілеттерін дамыту 2013 жылдың 26 қарашасында № 11 «Ақбота» көруі мен сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы /коррекциялық/ ұйымында логопедтерге арналған «Сөз шығармашылық қабілеттерін дамыту: құрылымы, әдістері және технологиялары» тақырыбында қалалық оқыту – практикалық семинары өтті.

Семинардың басты мақсаты – «Тіл бұзылыстары бар мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытуда педагогтардың кәсіби біліктіліктерін, шеберліктерін арттыруға және педагогикалық іс-тәжірибелермен бөлісуге ақпараттық кеңістік жасау» болды. Семинар-практикум инновациалық технологияларды қолдануымен қызықты да, жан-жақты өткізілді.

№ 11 «Ақбота» МДҰ логопедтерімен құрастырылған тіл карталарының тұсаукесері көрсетіліп, логопедтер мектепке дейінгі түзету жұмысында литотерапия, фитотерапия, түстер терапиясы сияқты дәстүрлі емес әдістер туралы ақпараттар алынды. Жалпы топпен және жеке баламен жұмыс түрлері қаралып, сөз шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін дидактикалық ойындарды қолдану бойынша тәжірибелермен алмасты.

Tags: Шалабаева Г.У. семинар балабақшалар «Ақбота»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда