Химия есептерін шығарудың тиімді тәсілдері

Автор: Сердалина К., № 36 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Химия есептерін шығарудың тиімді тәсілдері Ақтөбе қаласының Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылғы 15 қарашада № 36 қазақ орта мектебінде химия пәні мұғалімдеріне арналған «Химия есептерін шығарудың тиімді тәсілдері» шебер класы ашылды.

Сердалина Клара Сапақызының жетекшілігімен өткізілген шебер кластың мақсаты Химия пәнінен теориялық білімді практикамен ұштастыра білуге үйретіп, мұғалімдердің ғылыми ізденушілігін, логикалық ойлау қабілетін арттыруға бағыт-бағдар беру.

Мектеп директоры Булатова Гулсара Қабылшақызы ұстаздың шығармашылық жұмыстарын атап өтті. Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Садыкова Айгүл Сәңкібайқызы мұғалімдер жұмысына сәттілік тіледі.

Шебер класс тұсаукесерінің барысында химия пәнінің мұғалімі Сердалина Клара Сапақызы шебер-кластың мақсат-міндеттеріне тоқталып, өткізілу жоспарымен таныстырды. Теориялық білімнің негізінде түрлі типтік есептерді тиімді әдіс-тәсілдер қолдана отырып, шығару жолдарын көрсетті. Осы шебер класс қатысушы мұғалімдерге оқу-танымдық іс-әрекеттерді оқу барысында оқушылардың өзіндік білім алу дағдыларын дамытуға, оқу үдерісінің шығармашылық сипатының артуына ықпал жасайды деген үміттеміз.

Tags: № 36 орта мектеп шебер-класс химия Садықова А.С.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда