«Өрнек» шығармашылық шеберханасы туралы

Автор: Кусалиева Б.Б., МҚКК «Қалалық көркемсурет лицейі». Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

images Биылғы оқу жылында Қалалық көркемсурет лицейінде «Бейнелеу өнері саласындағы инновациялық технологиялар» атты жалпы тақырыбымен «Өрнек» шығармашылық шеберханасы жұмыс істей бастады.

«Өрнек» шығармашылық шеберханасының қызметі қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығымен және ОКБА ҚД институтымен бірлесіп жоспарланды – шығармашылық шеберханасы мектептер және мектепке дейінгі ұйымдардың бейнелеу өнері мен технология пәнінің, мектептен тыс мекемелердің көркемдік бөлімі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жұмысының сапасын жақсарту үшін жасалған.

2012 ж. қарашасында Қалалық көркемсурет лицейінің негізінде ҚКЛ мұғалімдерімен шебер-кластар өткізілді. Шебер-кластарға қатысушыларды ҚКЛ директоры Қосалиева Ботагөз Болатқалиқызы алғы сөзімен қарсы алды. Шығармашылық шеберханасының меңгерушісі - лицейдің қазақ бөлімінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары- Дина Мұсақызы Умаровамен бірлесіп шығармашылық шеберханасының тұсаукесерін өткізді. Шеберхана қызметінің негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері туралы айтылды.

Келесі мұғалімдер: Биқанова Г.Д. – «Мастихин» тәсілінде майлы (гуашьты) кескіндеме», Көпжасаров Б.Р. – «Графика», Белоусова Е.П. –«Коллаж», Құрманова Н.М. – «Тұтас кесек пішіннен бұйым» атты тақырыптарға шебер-кластар өткізді. Аталған шебер-кластардың бәрі әдістемелік дұрыс өңделінді, көрнекі құралдарды кең қолданды және мұғалімдердің өз шығармашылық жұмыстары қойылды.

2013 ж. қаңтар айында қысқы демалыс кезінде мектеп алды мекемелердің тәрбиешілері үшін шығармашылық пәндер мұғалімдерімен келесі шебер-кластар өткізілді: Хангиреева Е.С. – «Кілем тоқу. Жіптермен жұмыс», Золотова О.В. – «Химиялық саздан кәдәсыйлар. Қызықты жануарлар», Алибжанова А.Ж. «Скрапбукинг + квиллинг тәсілінде құттықтау ашық хаты», Меленчук Э.В. – «Қағазды мүсін өнері. Ғажап құс». Осы шебер-кластар мұғалімдермен әдістемелік талаптарды ескерумен өңделді, көрнекі құралдармен толықтырылды. Мектеп алды мекемелердің тәрбиешілері үшін шебер-кластар жұмысына ҚҒӘО әдіскері Қосмамбетова Ботагөз Қуантаевна қатысты.

Барлық шебер-кластар жоғары және жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдермен әр тақырып бойынша жұмысты орындаудың барлық тәсілдері кезеңмен көрсетілді. Шебер-кластардың тақырыптары өзекті, өзіне инновациялық технологияларды, қазіргі заманғы материалдармен жұмыс әдістерін, балалармен жұмыс кезінде көркемдік шығармалар жасауда иеленген икемдер мен дағдыларды қолдануды енгізеді. Шебер-кластарға қатысушылар Қалалық ғылыми-әдістемелік орталық сертификаттарын алды.

Tags: Қосымша білім Кусалиева Б.Б. Қалалық көркемсурет лицейі

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда