Сөз шығармашылық қабілеттерін дамыту

Автор: Шалабаева Г.У. ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Сөз шығармашылық қабілеттерін дамыту 2013 жылдың 26 қарашасында № 11 «Ақбота» көруі мен сөздері бұзылған балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы /коррекциялық/ ұйымында логопедтерге арналған «Сөз шығармашылық қабілеттерін дамыту: құрылымы, әдістері және технологиялары» тақырыбында қалалық оқыту – практикалық семинары өтті.

Семинардың басты мақсаты – «Тіл бұзылыстары бар мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытуда педагогтардың кәсіби біліктіліктерін, шеберліктерін арттыруға және педагогикалық іс-тәжірибелермен бөлісуге ақпараттық кеңістік жасау» болды. Семинар-практикум инновациалық технологияларды қолдануымен қызықты да, жан-жақты өткізілді.

№ 11 «Ақбота» МДҰ логопедтерімен құрастырылған тіл карталарының тұсаукесері көрсетіліп, логопедтер мектепке дейінгі түзету жұмысында литотерапия, фитотерапия, түстер терапиясы сияқты дәстүрлі емес әдістер туралы ақпараттар алынды. Жалпы топпен және жеке баламен жұмыс түрлері қаралып, сөз шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін дидактикалық ойындарды қолдану бойынша тәжірибелермен алмасты.

Бір жасқа толған білім ордасы

Автор: Ильясова А.С., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Бір жасқа толған білім ордасы Бүгінгі таңда бәсекелестікке қабілетті еліміздің ең өзекті мәселелерінің бірі – жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру. Осыған орай елбасының бастамасымен елімізде білім ордаларының саны да арта түсуде. Қаланың солтүстік жақ бетінде орналасқан «Ақжар-2» елді мекенінде осыдан тура бір жыл бұрын 150 орындық жаңа мектеп бой көтеріп, оқушылар жақын жерден білім алатынына қуанса, ата-аналар балаларының мектепке барып – қайтуын уайым етпейтініне қуанған болатын. Міне биыл осы қуанышты жағдайдың орын алғанына, жаңа мектептің білім қуған жас өрендерімізге құшағын айқара ашқанына бір жыл толып отыр.

Жобалық әдісі технологиясын енгізу

Автор: Жанаева Ж.А., «Нұрсәт». Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Жобалық әдісі технологиясын енгізу2012-2013 оқу жылында мектепке дейінгі білім орталығында қалалық білім бөлімінің № 618 14.09.2012 ж. негізінде тәжірибе-эксперименттік жұмыс «Шығармашылық шеберхана» тақырыбы «Мектепке дейінгі ұйымда жоба технологияларын қолдану» жұмыс жасады.

Шығармашылық шеберхана жұмысы оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен ұйымдастыруда әдістемелік мәселелер мен технологияларды зерттеу мүмкіншілігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Қалалық педагогикалық шығармашылық шеберханасы «Жобалық әдісі технологиясыненгізу» жұмысын жүзеге асыру барысында Педагогикалық процесті жаңашылдық жұмыстүрлерімен ұйымдастыруда төмендегіндей бейімделген бағдарламалар қолданылады:

Лучший по профессии – 2013

Автор: Темирханова Р.К., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Городской конкурс «Лучший по профессии – 2013» 7 ноября 2013 года прошёл городской конкурс «Лучший по профессии – 2013» среди учителей английского языка г. Актобе. В конкурсе приняли участие 10 преподавателей следующих школ города: № 2, № 15, «Шанырак», № 28, № 30, № 32, № 39, № 42, № 51, Каргалинская средняя школа.

Тема конкурса – «Качественное образование и воспитание – приоритет государственной политики Казахстана». Цель: пропаганда передового педагогического опыта учителей города Актобе, поиск новых методических идей. Модератором конкурса выступил городской научно-методический центр города Актобе под руководством Мухамбетовой Ж.Ж. и методиста Темирхановой Р.К. Методической площадкой проведения конкурса уже второй год подряд является ЧУ «Негосударственное образовательное учреждение учебный комплекс «Шанырак».

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімді әдістері

Автор: Куразова Қ.И., ҚҒӘО әдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімді әдістері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр." деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Осындай ұлағатты ұстаздар еңбек ететін білім ордасының бірі Ақтөбе қаласындағы № 6 орта мектебінде Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 2013-2014 оқу жылына арналған үйлестіру жоспарына сәйкес «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімді әдістері» тақырыбында шығармашылық шеберхана ашылды. Шығармашылық шеберхана мақсаты - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдіснамалық, ғылыми әдістемелік мәдениетін арттыру, мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуі үшін жағдай жасау. Шығармашылық шеберхана жетекшілері - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.К. Жолманова, А.С. Сулейменова. Шығармашылық шеберханаға қатысушыларды мектептің оқу ісінің меңгерушісі Д.Б. Мұханбедиярова қарсы алып, шығармашылық шеберхана жетекшілерінің жетістіктеріне тоқталды.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда