«Достық» жазғы лагеріндегі жасыл желекті каникул

Автор: Бекбергенова А.И., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Жасыл желекті каникул Қалалық жас туристер стансасы жанындағы «Достық» жазғы лагері 2013 жылдың 5 маусымында жазғы демалыс маусымының бірінші кезеңі «Жасыл желекті каникул» экологиялық-биологиялық бағытында өз қызметін бастады. Лагердің әр маусымы экологиялық-биологиялық, спорт-туристік, ғылыми-техникалық, мәдени-танымдық бағыттарында ұйымдастырылып өткізіледі. Лагерімізде балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін бар жағдай жасалған. Лагерде жалпы демалыс маусымының төрт кезеңінде аз қамтылған отбасы, көп балалы ата-аналардың балалары, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардан 300 бала тегін ақысыз демалады. 

Лагердегі балалардың әр күнін қызықты өткізу үшін тәрбиешілер мен тәлімгерлер, қосымша білім беру педагогтері тынбай қызмет атқаруда.

Жаңа формациядағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Автор: Ермағамбетова Қ.И., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Жаңа формациядағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы осы жылдың маусым айының 10-12 күндері аралығында келесі оқу жылында І, ІІ санатқа өтетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Жаңа формациядағы ұстаз және оған қойылатын талаптар» тақырыбында ақылы оқыту семинарын өткізді.

Семинарда «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жалпыға міндетті стандарт пен оқу бағдарламасы», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бірлестік жұмыстарын жүргізу» тақырыптары бойынша ҚҒӘО әдіскері Қ. Ермағамбетова таныстырса, № 15 орта мектептің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Қоңқабаева «Мұғалім құзіреттілігі», «Тіл үйретудегі жаңа заман сабақтары, оған қойылатын талаптар» тақырыбында дәріс оқыды.

«Жас өркен» лагеріндегі жарқын күн

Автор: Куканбаева С., Ақтөбе орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

«Жас өркен» лагеріндегі жарқын күн Ақтөбе орта мектебінің жанынан ашылған «Жас өркен» балалар демалыс лагері 3-і маусымнан бастап жұмыс жасауда. Мектеп жанындағы лагерге тартылған балалардың әр күні қызықты, көңілді өтуде. Осындай балалық шақты әрлендіре түсетін сәтті күннің бірінде жапсырма жасаудан «Су асты әлемі» атты қол еңбек байқауы өтті. Байқауға барлық лагерь балалары белсене қатысты. Балалар өз қиялдарымен су түбінің ерекшелігін бейнелеп, бар өнерлерін ортаға салды.

Дем алушылардың еңбектері бірінен бірі өтті деуге әбден болады, әсіресе, Қалыкова Еркеназ, Ерғазина Назерке, Логинова Полина, Байбиков Адиль, Мухамедьярова Наргиз, Боранбаева Асемайлардың жасаған жұмыстары әсем де әрлі көрінді. Осы оқушыларды мектеп директоры Мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапаттады. Балаларға ерекше әсер етіп, ой қиялын дамытып, шығармашылыққа баулыған осы күн тамаша көңіл –күймен аяқталды.

Ақтөбенің кішкентай жұлдыздары жанады

Автор: Кусмамбетова Б.К., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

Ақтөбенің кішкентай жұлдыздары жанады1 маусым – Балалық шақтың ең басты мерекесі – Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар келетін жаздың бірінші күні. Бұл күннің басты идеясы –балаларға қамқорлық жасау, ерекше көңіл аудару.

Кішкентай қалалықтар үшін Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен № 40 мектеп қабырғасында балабақша бүлшіндері үшін жыл сайынғы дәстүрге айналған «Ақтөбенің кішкентай жұлдыздары жанады» атты Гала концерт өтті, мерекені Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бастығы Уразбаева Лязат Аманжолқызы ашты. Ол балалар мен ата-аналарды бақытты балалық шақ пен болашақ ұрпақтың аман-саулығына жауапкершілігін есіне түсіретін балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Гала концертке көптеген балабақша бүлшіндері қатысты, қалалық, облыстық, республикааралық байқауларында лауреат атанған бүлдіршіндер өнер көрсетті.

«Достық» лагерінде өткен оқыту семинары

Автор: Бекбергенова А.И., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2013 жылы)

«Достық» лагерінде өткен оқыту семинары 2013 жылдың 31 мамырында Ақтөбе қаласының ғылыми әдістемелік Орталығының және Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен мектеп жанындағы лагерлердің басшыларына және педагог-ұйымдастырушыларына арналған оқыту семинары өткізілді. Қалалық жас туристер стансасы жанындағы «Достық» лагерінде өткізілген оқыту семинарына мектеп жанындағы лагерь басшылары мен педагог-ұйымдастырушыларынан 51 адам қатысты.

Семинар жазғы балалар лагері ауысымындағы тәрбиелік жұмыстарды белсенді ұйымдастыру түрлерін арттыру, ұйымдастырушылардың шеберлік негіздерін игеруі үшін теориялық және практикалық сабақтар дәрісін беру, қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда