EXPO-2017 аясындағы мұғалімдер байқауы

Автор: Қорғанбаева Н., № 31 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

EXPO-2017 аясындағы мұғалімдер байқауы 2014 жылдың желтоқсан айының 24-ші жұлдызында Ақтөбе қаласының білім бөлімі, қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығының әдіскері Садықова Айгүл Сәңкібайқызының ұйымдастыруымен № 31 қазақ орта мектебінде «EXPO-2017» көрмесіне дайындық аясында жаратылыстану пәні мұғалімдерінің жаңа бағыттарға бейімділігін анықтау, тәжірибелерін жинақтап, тарату және оларға қолдау көрсету мақсатында «Жаратылыстану пәні бойынша оқушылардың жобалау – зерттеу қызметін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты қалалық байқау өткізілді. Байқауда «EXPO-2017» аясында дайындалған материалдарға айрықша мән берілді.

Иновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі

Автор: Бакешова А.Н., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Иновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі 2014 жылдың 19 желтоқсанында ҚҒӘО-ның 2014-2015 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес № 47 орта мектепте «Иновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің математика, физика пәні мұғалімдері қатысты.

Семинардың теориялық және практикалық бөлімінен соң, ҚҒӘО-ның әдіскерімен бірлесе отырып, семинарға қатысушы мұғалімдермен ой-толғаныс өткізілді. Семинар соңында «Әрбір ұстаз өз оқу үрдісінде сабақтың мақсаты мен мазмұнына сай өз қалауы бойынша инновациялық технологияларды қолданатыны түсінікті.

Жеңістің мініп тұлпарын

Автор: Оспанқызы Н., № 45 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Жеңістің мініп тұлпарын Болашақ – бүгінгі ұрпақтың қолында десек, бүгінгі ұрпақтың - саналы, білімді, алғыр, талапты болмауына еш себеп жоқ. Сондықтан да бүгінгі білім айдынында жүзіп жүрген оқушыларымыз да өз білімдерін, өз ізденістерін дәлелдеп, мектеп абыройын асқақтатып жатса, нұр үстіне нұр, еткен еңбегіңнің еш кетпегені деп білеміз.

Осындай білім сайысына № 45 орта мектептің 9-класс оқушылары Тоқтарбаев Данияр, Аленов Алмат, Михетова Диана, Рахимжан Жасминдер 2014 жылдың 19 желтоқсанында қалалық Жас туристер стансасының ұйымдастыруымен өткен, тәуелсіздік мерекесіне арналған "Гүлдене бер, Қазақстан!" байқауына қатысып , бақ сынап, 20 мектептің ішінде топ жарып, І орынды қанжығаға байлады.

Менің шығармашылық қобдишам

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

2014 жылдың 25 қараша мен 5 желтоқсан аралығында жақын маңда орналасқан мектептердің бірінші санатты бастауыш класс мұғалімдері арасында қашықтан оқыту технологиясы бойынша «Менің шығармашылық қобдишам» байқауы өтті. Мақсаты: қашықтан оқыту технологиясы арқылы бірінші санатты бастауыш класс мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау.

Байқауға қала мектептерінен оқыту тіліне қарай 29 бірінші санатты бастауыш класс мұғалімдері қатысты. Байқау ережесі бойынша байқаудың бірінші кезеңі жақын маңда орналасқан мектептер арасында өткізіледі. Екінші кезеңде І кезеңнен сәтті өткен (әр микротоптан бір адам) бір мұғалім қатыса алады. Байқауға қатысушы (микротоп жеңімпазы) бұл кезеңде жоғарыдағыдай құжаттарын электронды түрде дайындап, электронды поштаға жіберіледі.

Изготовление украшений в технике Kanzashi

Автор: Карагулова З.Ж., МКҚК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі». Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

28 ноября 2014 года в Доме детского и юношеского творчества был проведен городской семинар для руководителей школьных кружков изобразительного искусства и учителей технологии на тему «Изготовление украшений в технике Kanzashi».

В семинаре приняли участие 13 педагогов из 14 школ города: №№ 3, 5, 9, 10, 14, 23, 25, 28, 30, 53, Илекской, Каргалинской казахской школы им.М.Арынова, Курашасайской и частной школы «Шанырак». Семинар был проведен в целях обучения технике Kanzashi, изготовлению различных украшений, аксессуаров и сувениров в этой технике. Участники семинара овладели новой техникой народно-прикладного искусства, обменялись опытом и получили позитивную мотивацию к самообучению, к самосовершенствованию, к саморазвитию. Организованный Домом детского и юношеского творчества городской семинар на тему «Изготовление украшений в технике Kanzashi» достиг ожидаемого результата.

Изготовление украшений в технике Kanzashi Изготовление украшений в технике Kanzashi Изготовление украшений в технике Kanzashi

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда