Балалар демалысын ұйымдастыру

Автор: Жанайдаров Ж.Т., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Балалар демалысын ұйымдастыру 2014 жылдың 30 мамырында Ақтөбе қаласының ғылыми әдістемелік орталығының және Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен мектеп жанындағы және қаласыртындағы аға тәлімгерлер мен тәрбиешілерге арналған оқыту семинары өткізілді. № 31 орта мектепте өткізілген оқыту семинарына мектеп жанындағы 34 қала мектебінен аға тәлімгерлер мен тәрбиешілерінен 54 адам қатысқан.

Семинар жазғы балалар лагері ауысымындағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру барысындағы шығармашылық қабілеттерін ашу, жазғы демалыс кезінде балаларды демалдыру, сауықтыру үшін тиімді жағдайды және олардың қабілеттері мен қызығушылықтарын жан – жақты дамытуды қамтамасыз ететін жаңа инновациялық бағдарламалар мен әдістерін, технологияларын меңгерту мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.

Семинар барысында Қалалық жас туристер стансасының қосымша білім беру педагогтері аға тәлімгерлер мен тәрбиешілерге жазғы демалыс лагерінде балалардың бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыру жолдары бойынша іскерлік ойындар, тренингтер, топтық жұмыстар, практикалық сабақтар мен спорттық туризм бойынша шеберлік класстар ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар психологтардың ұйымдастыруымен психологиялық тренингтер де өткізілді. Аға тәлімгерлер мен тәрбиешілер балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілген түрлі ойындар мен тренингтерге үлкен белсенділікпен және қызығушылықпен қатысып, тәжірибе алмасты.

Семинар соңында қатысушыларға сауалнама жүргізілді. Қатысушылар оқыту семинарының жоғары деңгейде өткізіліп, жазғы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шеберлік негіздерін үйренуде үлкен әсер алғандарын айтты. Оқыту семинарына қатысқандарға Ақтөбе қаласының ғылыми – әдістемелік орталығы атынан сертификаттар табыс етіліп, Қалалық жас туристер стансасының қосымша білім беру педагогтері әзірлеп шығарған лагерь жұмыстары бойынша әдістемелік құралдары мен жинақтары табыс етілді.

Балалар демалысын ұйымдастыру Балалар демалысын ұйымдастыру Балалар демалысын ұйымдастыру

Tags: Қосымша білім Қалалық жас туристер станцасы Жанайдаров Ж.Т.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда