«Достық» жазғы лагеріндегі көңілді күндер

Автор: Жанайдаров Ж.Т., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

«Достық» жазғы лагеріндегі көңілді күндер Қалалық жас туристер стансасы жанындағы «Достық» жазғы лагері биыл да дәстүрлі өз жұмысын 2014 жылдың 7 шілдесінде бастады. Лагерьді ұйымдастырудың негізгі мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, көңілді, мазмұнды, қызықты етіп өткізу. «Достық» лагері - балалар үшін таптырмас жазғы демалыстағы тынығу орыны. Жасыл желектің ортасында орналасқан «Достық» лагерінің ерекшелігі – үнемі спорттық-туристік бағытында жұмыстар жүргізеді. «Достық» лагерінде 7-15 жас ерекшелігіндегі балалар демалады. Лагерь жұмысы балалардың қызығушылығына қарай құрылған. Күніне 5 мезгіл тамақтану, тәулік бойы дәрігер, «Күзет» бөлімінің қызметкерлері және полиция қызметкелерінің кезекшілігі ұйымдастырылған.

«Достық» жазғы лагерінде жазғы демалыс маусымының үш кезеңі ұйымдастырылып жүргізіліп келеді. Лагерьдің әр маусымы экологиялық-биологиялық, спорттық-туристік, ғылыми-техникалық, мәдени-танымдық бағыттарында ұйымдастырылып өткізілуде. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалуда. Лагерьде жалпы демалыс маусымының үш кезеңінде аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасы балалары, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балалар қамтылуда. Лагердің І маусымдық кезеңі 7-18 шілде аралығында ұйымдастырылып, 130 баланы, ІІ маусымдық кезеңі 21 шілде – 01 тамыз аралығында ұйымдастырылып, 170 баланы, ІІІ маусымдық кезеңінде 4-15 тамыз аралығында ұйымдастырылып, 100-ге жуық бала демалысы үйлестірілуде. Сонымен қатар, «Достық» балалар лагері Жанұялы типті Қобда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне демеушілік көмек көрсетіп, ақысыз демалысқа қамтыды.

Лагерьдегі балалардың әр күнін қызықты өткізу үшін тәрбиешілер мен тәлімгерлер, қосымша білім беру педагогтері тынбай қызмет атқаруда.

«Бизнес күні», «Ғажайып кейіпкерлер әлемі», «Ертегілер еліне саяхат», «Теңізшілер турнирі», «Біз біргеміз!» көңілді тапқырлар клубы, «Музыкалық қобдиша» клиптер қойылымы, «Лагерь барысы-2014», «Би алаңының жұлдызы», «Дарындылар қас-қағым сәті», «Бәйтерек-Астананың бас символы» эко флеш-моб және т.б. қызықты іс-шаралар жоспарлы жүргізіліп, жақсы нәтижелер көрсете білді. Әр ауысымдық 12 күн ішінде балалар спорттық, туристік, экологиялық–биологиялық бағыттағы үйірмелермен қатар ән, би, актёрлік шеберлік, бейнелеу және ұлттық нақыштағы тұрғызылған киіз үйде қолөнер «Шеберлер ауылы» үйірмелеріне қатыса алды. Мәдени бағыттағы үйірмелерге қатысқан балалар 12 күн бойы өнерлерін сахнаға алып шықса, экологиялық-биологиялық, бейнелеу және қолөнер үйірмелеріндегі балалардың жұмыстарынан «Табиғи бұйымдардан балалар жасаған ғажайып» атты көрмелер, балалар алаңы жасақталып ұйымдастырылды. Ғылыми-техникалық бағыт бойынша үйірмелер мен іс-шаралар өткізіліп, Әуе қорғаныс күштері институтына саяхат ұйымдастырылып, тәжірибелі мамандардың көмегімен ұшақтарды үлкен қызығушылықпен тамашалап, олардың түрлерімен таныса алды.

«Достық» лагері «Достық» лагері «Достық» лагері

Спорттық туризм үйірмесінде балалар шатыр құруды, алау жағуды, түйіндер байлауды және түрлі туристік жол кедерігілерінен өтуді үйреніп, туристік эстафеталарға қатысады. Үйірмеге әсіресе ер балалар үлкен қызығушылықпен белсене қатысады. Қалалық жас туристер стансасының туризм инструкторлары бағдарламаларында балаларға атаулы жерлерге тақырыптық экспедициялар, жаяу жүру жорықтарын ұйымдастыру жоспарланған.

Сонымен қатар «Достық» лагері тарапынан ДОСТЫҚ КЕЗДЕСУлер ұйымдастырылып тұрды. Атап айтсақ, І маусымында Алға облыстық балалар үйінің «Ақ бөбек» жазғы демалыс лагерлерінің демалушыларымен футболдан және пионерболдан жолдастық кездесу өткізілді. Аталған шарада «Достық» жазғы демалыс лагері ІІ орынды иеленсе, лагерьдің ІІ маусымында «Нефтяник» лагерьінің демалушыларымен «Көңілді старт» спорттық жарысы ұйымдастырылып, тартысты бола білді.

«Достық» балалар лагерін таңдап келген өзге облыс балалары үшін қала бойынша «Ескерткіш – ел тарихы», «Түнгі Ақтөбе», «Ару қала - Ақтөбе» тақырыптық және шолу саяхаттары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар лагерьде балалар бассейні бар. Бұл балдырғандар денсаулығының шынығуына үлкен әсері бар. Салауатты өмір салтын насихаттау барысында балалардың бассейнге барар жолында туристік кедергілер мен био жолдар жасалған. Әр ауысым бойы ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, белсенділік көрсете білген әр оқушы «Достық» балалар лагерінің мақтау қағаздары мен сыйлықтарын иеленді.

Қаламыздың мәдени орталықтарына саяхат жасалып, Т.Ахтанов атындағы драма театры мен «Алақай» қуыршақ театрының қойылымдарын және Планетарий қызметкерлерінің көмегімен аспан әлеміндегі жұлдыздарды тамашалады. «Қамқор» жануарларды қорғау қоғамы мен Н.Байғанин атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жүргізілген түрлі шаралар мен тренингтерге қатысым жасалып, балалар көкейлерінде жүрген сұрақтарына нақты жауаптар ала алды.

Бала біздің болашағымыз. Балалардың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе, онда ұрпағымыздың денінің саулығы.Балалар жазғы демалысты асыға күтеді. Сондықтан балалардың жазғы демалысын жоғары деңгейде өткізу біздің парызымыз.

«Достық» лагері «Достық» лагері

Tags: Қосымша білім Қалалық жас туристер станцасы Жанайдаров Ж.Т.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда