Біз туған қаламызды көркейтеміз

Автор: Сәдуақасова К.К., МҚКК «Қалалық көркемсурет лицейі». Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Біз туған қаламызды көркейтемізАқтөбе қаласының 145 жылдығын тойлау аясында Қалалық көркемсурет лицейіменқала әкімшілігімен бірлесіп «Ең үздік сурет» пен «Қолданбалы сәндік өнерінің ең үздік жұмысы» номинациялары бойынша жас суретшілер арасында «Біз туған қаламызды көркейтеміз» атты жалпы тақырыбымен қалалық байқау ұйымдастырылды. Біздің сүйіуті қаламызды көркейтуге үлес қосып жүрген «Center Group» инвестициялық-құрылыс компаниясы осы шараның демеушісі болды.Байқау өскелең ұрпаққа патриоттық сезім тәрбиелеу мақсатымен ұйымдастырылды.

Байқауға бір ай бойы 10 -17 жас аралығындағы жас суретшілер мұғалімдерімен бірлесіп, өздерінің қиялын қаламыздың көрікті жерлерімен байланыстырған туындыларын орындады. Нәтижесінде қалалық байқауға түрлі техникаларда орындалған 49 жұмыс ұсынылды. 

Сүйікті қаламыздың туған күні - 28 мамырда көркемсурет лицейінің тамаша көрме залында байқаудың қорытындылары шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді. Бұл мерекеге оқушылардың ата-аналары, ата-әжелері де келді, олар балалардың жетістіктеріне қуанып қалды. «Ең үздік сурет» номинациясында кіші жас категориясында Гаврилюк Тамараның алғашқы жетістігін атап айтуға болады. Оның аралас техникада орындаған жұмысы өте сәтті шықты. Бейбіт күншуақты күнде жаңа салынып жатқан ғимараттардың аясында бақытты балалық шақтың сәтін бейнелеген. Екінші орынды иеленген Құрманғалиев Диастың жұмысы қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген қаламыздың әсем жерлерін көрсетеді. Компанияның өкілдері мен қазылар алқасы Оңғарбаева Әминаның қаламыздың көркін келтіретін «Шератон» қонақ үйінің ғимаратын пастельмен жасыл желекте орындаған жұмысына 1 орын берді. Жеңімпаз Дипломын 16 жастағы құрылыс саласының ең басты кейіпкері құрылысшыны бейнелеген Митюхина Ольга иеленді.

Біз туған қаламызды көркейтеміз«Қолданбалы сәндік өнерінің ең үздік жұмысы» номинациясында бүлдіршіндерден Бисембиева Камилла өзінің пластикалық ермексаздан және түрлі-түсті жүн жіптерінен жасаған «Ертегілік құрылысшылар» атты дөңгелек мүсінімен озып шықты. Орта жас категориясында Ақтөбе қаласының стелласын сарқырама су және жарқын алқызыл қызғалдақ аясында бейнелеген құрғақ жүн басу тәсілінде орындаған Орынова Айдана жеңімпаз атанды. Бұл номинацияда жарқыраған күн секілді шаңырақ астында еліміздің рәміздері және қаламыздың көптің көңілінен шыққан көрікті жерлері қызғалдақтармен, ұсақ моншақтармен өрнектелген жүнді құрғақ басумен орындалған туындысына жеңімпаз Дипломы көптеген түрлі деңгейлердегі мәртебелі байқаулар мен көрмелердің жеңімпазы Келеш Мәдиге берілді.

Қорыта келе, осы шараға қатысқан бір де бір оқушы елеусіз қалған жоқ. «Center Group» инвестициялық-құрылыс компаниясы қатысушылар мен жеңімпаздарға сертификаттар, ынталандыру жүлделерін, Дипломдар және бағалы сыйлықтар берді. Сыйлықтар өте мазмұнды кітаптар, бояулар, күнделіктер, түрлі-түсті қарындаштар, сурет салуға арналған кенептер ретінде болды. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында жас суретшілер үшін нағыз мереке болды және өскелең ұрпаққа патриоттық сезім тәрбиелеу мақсаты орындалды. Көркемсурет лицейінің кітпаханасының қоры да компания сыйға тартқан «Животный мир» атты безенді атласпен толықтырылды. Компанияның президенті Ормағамбетов Самат Сағынғалиұлы осы шараның дәстүрге айналатыны туралы айтты. Шара кезінде құттықтау сөзінде ҚКЛ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Клявина И.М. лицей тарихында осындай кеңпейілді, бағалы сыйлыққа толы мерекелер санаулы болғанын айтты. Шынында бұл қала күніне нағыз шашу болды. Шараға қалалық білім бөлімінің әдіскері Өтепбергенова М.Х. қатысты.

Мерекенің соңында байқауға қатысушылардың барлығы компанияның өкілдерімен және сыйлықтарымен ескерткішке суретке түсті. Бақытты жеңімпаздар қала телеарналарына сұхбат берді. Қалалық көркемсурет лицейінің әкімшілгі және педагогикалық ұжымы «Center Group» инвестициялық-құрылыс компаниясына қаламызды көркейте берудегі еңбектері жемісті болуына және одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға тілек білдіреді.

Городской конкурс юных художников «Мы строим родной город»

Мы строим родной городГородским художественным лицеем, в рамках празднования 145-летия города Актобе, совместно с Городским акиматом был организован городской конкурс юных художников по номинациям «Лучший рисунок» и «Лучшая работа по декоративно-прикладному искусству» под общим названием «Мы строим родной город» («Біз туған қаламызды көркейтеміз»). Спонсором мероприятия выступила инвестиционно-строительная компания «Center Group», которая вносит свой вклад в развитие и процветание нашего любимого города. Целью конкурса было воспитание чувства патриотизма у подрастающего поколения.

В течение месяца юные художника в возрасте 10-17 лет вместе с преподавателями готовили свои произведения, где свою фантазию они соединили с изображением замечательных мест нашего города. В итоге на городской конкурс была представлена 51 работа, выполненные в различной технике. В день рождения любимого города – 28 мая – в прекрасном выставочном зале художественного лицея состоялось подведение итогов конкурса и церемония награждения победителей. На этот праздник пришли родители, бабушки и дедушки учащихся, они порадовались за успехи детей.

В номинации «Лучший рисунок» хочется особо отметить первый успех юной художницы в младшей возрастной группе Гаврилюк Тамары. Ее работа с изображением в солнечный день на фоне новостроек момент счастливого детства, выполненная в смешанной технике, была признана лучшей. Удостоенная второго места работа Курмангалиева Диаса показывает значимые места города в обрамлении национальными узорами. Представители компании и члены жюри присвоили 1 место Унгарбаевой Амине за работу, выполненную в технике пастелью с изображением гостиницы «Шератон», которая становится достопримечательностью города. Диплом победителя получила 16-летняя Митюхина Ольга, которая в своей работе изобразила главного героя данной отрасли – строителя.

Мы строим родной городРабота малышки Бисембиевой Камиллы – круглая скульптура «Сказочные строители», которая выполнена из пластикового пластилина и цветных шерстяных ниток опередила всех в номинации «Лучшая работа по декоративно-прикладному искусству». В средней возрастной категории работа в технике фильц – войлок с изображением стеллы нашего города на фоне водопада и ярко красного тюльпана Орынбаевой Айданы заняла достойное первое место. Диплом победителя в этой номинации получила работа победителя многих престижных конкурсов и выставок Келеш Мади. Войлок, в котором изображены под солнечным шаныраком символы страны и достопримечательности города, оформленные тюльпанами и мелким бисером понравился всем.

В итоге хочется сказать, что ни один ребенок не остался без внимания. Инвестиционно –строительная компания «Center Group» вручила участникам и победителям сертификаты, поощрительные призы, Дипломы и ценные подарки. Подарки были содержательными - интересные книги, краски, ежедневники, цветные карандаши, натянутый холст. В канун Международного дня защиты детей для юных художников это был настоящий праздник и цель воспитания чувства патриотизма у подрастающего поколения достигнута. И фонд библиотеки художественного лицея пополнился замечательным иллюстрированным атласом «Животный мир», подаренный компанией. Президент компании Урмагамбетов Самат Сагингалиевич сказал, что такое мероприятие станет традиционным. Во время церемонии награждения заместитель директора по учебной работе Клявина И.М. в своем поздравительном слове сказала, что такое количество щедрых подарков в истории лицея единичны. Это был действительно настоящий шашу ко дню города. В мероприятии приняла участие методист ГорОО Утепбергенова М.Х.

Все участники конкурса «Мы строим родной город» («Біз туған қаламызды көркейтеміз») в конце праздника сфотографировались с представителями компании и с подарками от них. Счастливые победители дали интервью телеканалам города. Администрация и педагогический коллектив Художественного лицея Актобе желает инвестиционно–строительной компании «Center Group» больших успехов в строительстве нашего города и выражает надежду на дальнейшее сотрудничество.

Tags: Қосымша білім Қалалық көркемсурет лицейі

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда