Жаңа жылды қарсы аламыз

Автор: Муратова Г.Е., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Жаңа жылды қарсы аламыз Ақтөбе қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының жаңа жылдық мейрамды қарсы алуы. 2013 жылдың 20-27 желтоқсан аралығында біздің қаламыздың барлық мектепке дейінгі ұйымдарында «Ертегіде қонақта», «Жасыл шырша жанында», «Жаңа жылдық отшашу», «Сиқырлы қобдиша» атты жаңа жылдық ертеңгіліктер, ойын-сауықтар, театрланған және цирктік қойылымдар өткізілді.

Барлық мерекелік шаралар ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен жүргізіліп, кейіпкер рөлдерін сомдаған педагогтармен қатар, ата-аналар болды. Балалар ертеңгіліктерге қызыға қатысып, түрлі тілдерде тақпақтар айтып, би билеп, ойын ойнап, белсене қатысты. Барлық мектепке дейінгі ұйым бүлдіршіндеріне ертеңгілік соңында Аяз ата мен Ақшақардан тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар табысталды. Ата-аналар балабақша әкімшілігі мен тәрбиешілерге өз алғыстары мен ризашылығын білдірді.

Биылғы жылдың бір ерекшелігі - балабақша аумағындағы шыршалар. Мектепке дейінгі ұйым ауласына бес метрлік шыршалар құрылып, түрлі-түсті шамдармен, ойыншықтармен безендірілді. Сонымен қатар балабақшалар алаңдарына қардан да түрлі ертегі кейіпкерлері жасалынды. Көркемделген, безендірілген балабақша аулалары ата-аналар мен балалардың көңілдерінен ғана шықпай, Ақтөбе қаласының көзайымына айналды.

Жаңа жылды қарсы аламыз Жаңа жылды қарсы аламыз Жаңа жылды қарсы аламыз

Tags: балабақшалар Муратова Г.Е.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда