Менің шығармашылық қобдишам

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

2014 жылдың 25 қараша мен 5 желтоқсан аралығында жақын маңда орналасқан мектептердің бірінші санатты бастауыш класс мұғалімдері арасында қашықтан оқыту технологиясы бойынша «Менің шығармашылық қобдишам» байқауы өтті. Мақсаты: қашықтан оқыту технологиясы арқылы бірінші санатты бастауыш класс мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау.

Байқауға қала мектептерінен оқыту тіліне қарай 29 бірінші санатты бастауыш класс мұғалімдері қатысты. Байқау ережесі бойынша байқаудың бірінші кезеңі жақын маңда орналасқан мектептер арасында өткізіледі. Екінші кезеңде І кезеңнен сәтті өткен (әр микротоптан бір адам) бір мұғалім қатыса алады. Байқауға қатысушы (микротоп жеңімпазы) бұл кезеңде жоғарыдағыдай құжаттарын электронды түрде дайындап, электронды поштаға жіберіледі.

Байқау нәтижесінде:

  • Бас жүлде – № 32 ОМГ Барышева Л.;
  • І орын – № 11 ОМГ Нажмадинова А., № 49 ОМ Өтешова Р.;
  • ІІ орын – № 3 ОМ Бисенова Ж., № 13 ОМ Тлеулина М.;
  • ІІІ орын – ҚҚОМ Дүйсенова С., № 47 ОМ Күзенова З.;
  • «Шығармашыл мұғалім» номинациясы бойынша № 6 ОМ Құдайбергенова Г., № 42 ОМ Абдижалелова А.,№ 38 ОМ Айпанова Ж. иеленді.

Кәсіби бағалы ойы бар материалдар қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың жанынан жарық көретін «Бастауыш класс мұғалімінің шығармашылық қобдишасы» жинағына енгізіліп, алғыс хатпен марапатталды.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Tags: Шалабаева Ж.Б. бастауыш класс Мектептер

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда