Функционалдық сауаттылығын дамытудағы

Автор: Шалабаева Ж.Б., ҚҒӘО бөлім басшысы. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2014 жылдың қарашасы күні № 13 орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі М.Б. Наурызбаеваның «Бастауыш буын оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында педагогикалық шеберханасы өз жұмысын бастады.

images images images

Педагогикалық шеберхана № 13, № 5, № 15, № 50, № 29, № 41 орта мектептерінің бастауыш класс мұғалімдерінен құралған. Педагогикалық шеберхананың мақсаты: педагогтің өз бетінше білім жетілдіру мотивациясы мен оқытуға қызығушылығын шеберхана барысында ояту, белсенділік деңгейін көтеру, өз еркімен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру, өзара әрекеттестікке жетелеу.

Бастауыш буын оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі болып тұр. Осы орайда ашылған педагогикалық шеберхана жұмысы нәтижеге бағдарланған функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған педагогикалық технологияларды меңгерту, педагогтердің технологияларды түсініп, дұрыс қолдана білуін, мұғалім және оқушы рөлін жаңа түсіністікпен қабылдауын, білім беру үдерісін жобалауына ықпал ететініне сенімдіміз. № 13 орта мектебінің ұжымының жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз!

Tags: Шалабаева Ж.Б. бастауыш класс Мектептер № 13 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда