Республикалық «Үздік жыл әдіскері» байқауы

Автор: Нургалиева Ж.Д., ҚҒӘО директорының орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Республикалық «Үздік жыл әдіскері» байқауы2014 жылдың 20-23 қазан аралығында Алматы қаласында «Үздік жыл әдіскері» Республикалық байқауы өткізілді. Байқауға Ақтөбе облысы бойынша Ең үздік деп таңдалған 6 әдіскер қатыстырылды. Олар: Жолдыбаева Нұргүл Қалдыбаевна – № 33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі ұйым әдіскері, Альжанова Жанар Хасеновна – Мәртөк аудандық білім бөлімінің әдіскерлер кабинетінің әдіскері, Бекбергенова Алена Исламовна – Қалалық жас туристер стансасының әдіскері, Жетілгенова Дина Набиевна – Ақтөбе педагогикалық колледжінің оқытушысы, Имангалиева Базархан Сагиевна – Ақтөбе педагогикалық институт әдіскері, Рахатова Куляйм Жетпісбаевна – «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе қаласы бойынша маман.

«Үздік әдіскер» Республикалық байқауының салтанатты ашылуы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің салтанат залында өтсе, секция отырыстары «Өрлеу» БАҰО» АҚ ғимаратында өтті. Байқауға қатысушы сайыскерлер екі күн бойы қызу тартысқа қатыса алды.

– «Әдіскер... Мамандық?.. Қызмет?.. Бейімділік?..» тақырыбында эссе презентациялау
– ІІ кезеңде Авторлық бағдарламаны қорғау және әр әдіскер өз саласына қатысты Шеберлік сыныптарын көрсетті

Нәтижесінде:

  • ІІ орын – Имангалиева Базархан Сагиевна – Ақтөбе педагогикалық институт әдіскері;
  • «Көшбасшы әдіскер» номинациясы – Жолдыбаева Нұргүл Қалдыбаевна – № 33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі ұйым әдіскері;
  • «Ең жас әдіскер» номинациясы – Альжанова Жанар Хасеновна – Мәртөк ауданы;
  • «Шебер әдіскер» номинациясы – Бекбергенова Алена Исламовна – Қалалық жас туристер стансасының әдіскері;
  • «Жаңашыл әдіскер» номинациясы – Жетілгенова Дина Набиевна – Ақтөбе педагогикалық колледжінің оқытушысы;
  • «Жаңашыл әдіскер» номинациясы – Рахатова Куляйм Жетпісбаевна – «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе қаласы бойынша маман.

Сайыскерлерге әрі қарай биік белестер мен өрлеу тілейміз!

images images images

Tags: «Нұрсәт» Нургалиева Ж.Д. Қалалық жас туристер станцасы Рахатова К.Ж.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда