«Айгөлек» балалар лагері

Автор: № 21 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

images images images

Биылғы оқу жылында да Ақтөбе қаласы Үш тілде оқытатын № 21 орта мектеп-гимназиясы жанынан құрылған «Айгөлек» жазғы балалар лагерінде бірінші ауысымда 6-10 жас аралығындағы 50 бала демалуда. Ауысым 12 күнге созылады.

Лагерьде балалар «Жұлдыздар» және «Күлкі» топтарына бөлінген. «Күлкі» тобының ұраны: Улыбайся каждый раз, Для здоровья это класс! «Күлкі» тобының әні: Күлкі тобы боламыз, Шаттана дем аламыз. Әрбір сәтті бағалар, Бақытты бала боламыз. Күлкісіз өмір көңілсіз, Күлкі мәңгі жасасын! Күнде күліп жүретін, “Күлкі” тобы жасасын! «Жұлдыздар» тобының ұраны: Біз біргеміз әрқашан, Жеңілмейміз ешқашан.

«Жұлдыздар» тобының әні: Звездочки на небе, А мы на земле. Да здравствует счастье, Всегда и везде. “Жұлдыздар” деп аталамыз, “Айгөлекте” демаламыз. Ойнап, күліп, шаттанар Бақытты біз баламыз. Бір, екі, үш, Бойға жинап күш.

Кеңістікте жаттығу оңай болмас, Таң ата, күн шыға тұрайық біз сапқа. Күні бойға күш жинасақ – Ойнау бізге қиын болмас. «Денсаулық – зор байлық » тақырыбында мектеп медбикесі Қалиева Р.Ж және аға тәлімгер Қамбарова С.А «Дұрыс тамақтану» туралы бұрыш ұйымдастырды. Медбике лагерьге келген балалардың салмағы мен бойын өлшеп, дұрыс тамақтануға арналған пайдалы кеңестер, кітаптар, журналдардан көрме ұйымдастырды. Жаса, жайна балдырған, Гүлдей болып жайнаған.

Әуен ойналады, ортаға кішкентай ханшайымдар шығады. Дөңгеленіп билейді. Бэтман ұшып келеді. Өз киімін, өзін таныстырады. Қарақшы: Өзін таныстырып мақтанады. Жауынгер. Өзін таныстырып қарақшыға жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға кеңес береді. Индеец билейді, өз киімін таныстырады. Ергежейлі: Билейді, шпагатқа отырады. Өз өнерін қызықты қып көрсетеді. Соңында балалар үлкен шеңбер құрып билейді. Жаса, жайна балдырған, Гүлдей болып жайнаған. Демаламыз, күлеміз. Көңілді жазды сүйеміз!

Tags: № 21 орта мектеп-гимназия

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда