Құрметті «Алтын белгі» иегерлері

Автор: Уразбаева Л.А., Ақтөбе қаласының білім бөлімі бастығы. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Сіздерді жоғары жетістіктеріңізбен шын жүрекпен құттықтаймын!

Сіздер сындарлы сынақ кезінде мектеп қабырғасынан алған тиянақты білімдеріңізді өз дәрежесінде дәлелдеп, биік шыңды бағындыра алдыңыздар. Ақтөбе қаласының тұрғындары Сіздер сияқты білімді жастарды мақтан етеді және болашақта үлкен үміт артады. Ғасыр талабы жоғары, талғамы биік. Заманауи озық технологиялармен терең қаруланып, мемлекетімізді көркейту ісіне батыл үлес қосады деп сенеді.

Еліміздің ертеңгі тағдыры мен өмірі Сіздердің қолдарыңызда екенін бір сәт те естеріңізден шығармауларыңыз керек. Сондықтан ғылым мен білімді игеру барысында ерінбей еңбектеніп, талмай талаптанып, нәтижеге қол жеткізулеріңіз қажет. Болашақта патриоттық сезімдеріңіз шыңдалып, тәуелсіздігіміздің көк байрағын жоғары желбіретіп, елімізді барша әлемге паш етеді деген үкілі үмітпен өздеріңізге ақжол тілеймін!

Tags: Уразбаева Л.А. Алтын белгі

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда