Бақытты балалық шақ

Автор: Жантурина А., «Ақбөбек» оңалту орталығы. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

«Ақбөбек» оңалту орталығы Ақтөбе қаласының білім басқармасымен бірлесе отырып, үстіміздегі 2014 жылдың жаз мезгілінде қала мектептерінен 174 бала қабылдау жоспарланған (қабылдау әліде жүргізілуде). Демалушыларымыздың бос уақыттарын естен кетпес қызықты өткізілуі үшін тәрбиешілеріміз әр түрлі спорттық-мерекелік іс-шаралар өткізеді. Орталығымызда әр маусым сайын балалар мерекелік концерттерге белсене қатысып маусым соңында мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталады.

images images images

«Ақбөбек» оңалту орталығы еліміздің бірінші ханымы С.А. Назарбаеваның ұсынысымен ашылған орталықтардың бірі. Сауықтыру орталығы жаз мезгілі уақытында лагеріміздің демалушыларына өз есіктерін қуана ашады. «Ақбөбек» – бұл бақытты балалық щақты қызықты өткізудің бір мысалы. Қазіргі уақытта «Ақбөбек» Ақтөбе қаласының төңірегінде орналасқан, балаларға өз демалыстарын қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткізуге барлық жағдай қарастырылған.

Орталықта балаларға 5 мезгіл тамақтануымен қоса денсаулықты нығайтуға арналған қызметтермен ерекшеленеді. Олар: бассейн, физиоемдеу, массаж, тұз бөлмесі, емдік шынықтыру кабинеті (ЕШК), сауна, витаминді-оттекті коктейл және көңілді тәрбие жұмыстары. Орталық 100 балаға дейін қабылдауға қауқарлы. Орталығымыз Ақтөбе қаласының кішкентай тұрғындарымен қоса аудандарынан балаларды қабылдайды. Оңалту орталығында аталған аудан және қала балаларының бос уақыттарын қамту мақсатында қаланың демалыс және танымдық орталықтарында көңілді күндерді өткізеді (Мега ойын-сауық кешені, тарихи-өлкетану мұражайы, кинотеатрлар мен балалар қуыршақ театры).

НұрОтан ХДП-ның қолдауымен 1 маусымда демалған балалар, «Кинопаркте» Малифацента атты қазақ тіліндегі көрсетілімге апарылды.

Tags: «Ақбөбек»

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда