Білім берудің инновациялық стратегиясы

Автор: Баймағанбетова А.А., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Білім берудің инновациялық стратегиясы 2014 жылдың 25 тамыз күні облыстық драма театрында дәстүрлі түрде білім беру қызметкерлеріне арналған «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбында тамыз конференциясы өтті.

Бұл кеңесте Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаров, қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева, қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова, сонымен қатар білім беру ұйымдарының басшылары, ардагер ұстаздар, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдер, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Лаззат Уразбаева өз баяндамасында жаңа мемлекеттік білім беру стандартындағы өзгерістер, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, орыс тілінің көп жылдар бойы сақталынған тәжірибесі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен бірге қалалық білім бөлімінің басшысы мектепке дейінгі ұйымдар мен қосымша білім беру ұйымдарындағы мәселелер, Ақтөбе қаласындағы дарынды балаларды дамыту, ҰБТ сұрақтары мен педагогтің беделі туралы мәселелер көтерді.

Мұғалім беделінің кепілі қандай? Ол – мұғалімнің биік тұлғасы, кәсіби шеберлігінің дәлелі, сенімділіктің негізі, тиімді жұмыс жасаудың нәтижесі.

Қалалық білім бөлімінің басшысы өз сөзінде директорлар мен меңгерушілерге жаңа мемлекеттік білім беру стандарты мен оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға, сонымен бірге білім мен тәрбиенің сапасын арттыруға жұмысты күшейтуді міндеттеді.

тамыз конференциясы өтті тамыз конференциясы өтті тамыз конференциясы өтті

Қала әкімі Ерхан Омаров мұғалімдерді жаңа оқу жылымен салтанатты түрде құттықтап, үш білім беру ұйымдарын Алғыс хат пен 200 мың теңге көлемінде сертификатпен марапаттады. 10 педагог 100 мың теңге көлемінде сыйақыны иеленді.

Мектеп директорлары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған секциялық отырыс сол күні түстен кейін № 8 ОМ базасында өтті. Биылғы жылдың жаңалығы-ағылшын тілін ерте жастан бастап оқыту мәселесі бойынша ағылшын пәнінен № 31 ОМ базасында өтті.

Басқа 40 пән бойынша педагогикалық студия, тренинг, интербелсенді ойындар, дөңгелек үстелдер, әдістемелік трибунал, коучинг-әдістер, ғаламтор-ресурс, мультимедиялық құралдар түрінде жүргізілді.

тамыз конференциясы өтті тамыз конференциясы өтті тамыз конференциясы өтті

Tags: ҰБТ конференция Уразбаева Л.А. Баймағанбетова А.А.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда