Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі

Автор: Ауесханова Г.А., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының балалар ұжымдары 10 қазан Мүгедектер күніне № 7 арнайы (түзету) мектебінің оқушыларына арнап «Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі» атты мерекелік ойын-сауықтық концерттік бағдарламасын тарту етті.

Бағдарлама барысында Маша және аю, Шрек сынды ертегі кейіпкерлері (үлкен қуыршақтар) көрермендермен көпшілік ойындар өткізді, вокал үйірмесінің білім алушылары Ли Снежана, Әмзе Жания, Бисенгалиева Дарина әсем ән шырқаса, домбыра студиясының білім алушысы Аян Сейтов домбырамен күмбірлете күй тартты, үлгілі «Айгөлек» хореографиялық ұжымының аяулы бишілері мың бұрала «Ерке қыздар», «Испан», «Ұйғыр» билерін шын көңілден балаларға сыйлады. «Шығармашылық қиялды дамыту» үйірмесінің білім алушылары «Қызыл телпек» ертегісін сахналап, оқушыларды бір қуантты. Концерт соңында Орталықтың атынан мектеп оқушыларына тәтті сыйлықтар тарту етілді, мектеп директоры № 7 орта мектебінің оқушылары және ұжымы атынан балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының әкімшілігіне, балалар ұжымына алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын табады деген сенімдеміз.

Tags: Ауесханова Г.А. Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда