Пәнімді берудегі мәселелер және оларды шешу жолдары

Автор: Баймағанбетова А.А., ҚҒӘО ҒӘЖ директор орынбасары. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

2014 жылдың 24-27 қазаны күндері Ақтөбе қаласы мектептерінің бастауыш кластарда сабақ жүргізетін жас мамандарға арналған «Пәнімді берудегі мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы жас ұстаздар арасында эссе байқауы өтті. Мақсаты: бастауыш класс мұғалімдері арасындағы жас ұстаздардың белсенділігін анықтау және оларға қолдау көрсету.

Байқауға әр мектептен оқыту тіліне қарай бір-бір жас маман қатыстырылды. Қаладағы 68 мектептен 30 қазақ тілінде, 6 орыс тілінде білім алатын, барлығы 36 жас маман қатысты. Байқау ережесі бойынша байқаудың бірінші кезеңінде әрбір жас маман «Балаға білім ұшқынын сыйлау үшін, мұғалім жарық сәулесімен өзі нұрлана білуі керек» деген тақырыппен Ш.А. Амонашвилидің еңбектеріне пікір жазу. Екінші кезеңде «Пәнімді берудегі мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында өз іс-тәжірибесін іске асыру барысында кездесетін мәселелер мен оны шешу жолдары бойынша ой-толғанысын жазу.

Нәтижесінде:

  • І орынды Благодар орта мектебінің жас маманы Арыстанбекова А.Е.
  • ІІ орынды № 18 ОМ – Шуақбаева А.Қ. және «Ақбөбек» ЖМ – Ақбаева А.
  • ІІІ орынды. № 27 ОМЛ – Аққалықова А.А., № 34 ОМ – Рахманбердиева Д.А., № 50 ОМ – Шакизаева К.Ж.
  • «Ең үздік ой-толғаныс» номинациясы бойынша № 49 ОМ – Бөлекбаева Ә.Қ.
  • «Ең ұшқыр ой» номинациясы бойынша № 8 ОМ – Абибуллаева А.А.
  • «Заманауи жас маман» номинациясы бойынша № 45 ОМ – Искендирова А.Т., Қызылжар ОМ – Қоныс М.М., Елек ОМ – Бертаева Н. А. иеленді.

Tags: бастауыш класс Баймағанбетова А.А.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда