Қосымша тәрбие қажет ететін оқушылармен жұмыс барысында

Автор: Кульжанова Р.Ж., ҚҒӘО әдіскер-психологі. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Қосымша тәрбие қажет ететін оқушылармен жұмыс барысында 2014 жылдың 31 қарашасы күні Қалалық ғылыми әдістемелік орталығының жоспары бойынша № 8 орта мектебінде психологтарға семинар өткізілді. Семинарға барлық мектептен 43 психолог қатысым жасады. Семинар «Қосымша тәрбие қажет ететін оқушылармен жұмыс барысында ата-аналарға психологиялық тұрғыдан көмек көрсету әдістері» тақырыбында жүргізілді. Мақсаты ата-аналарға өз балаларымен қарым-қатынас барысында қиындықтарды шешу жолдарын көрсету.

Жүргізілген жұмыстың түрлері:

  • 1) «Танысу тренингі»
  • 2) «Психолог тәжірибесінен» теориялық бөлім
  • 3) «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді
  • 4) «Қосымша тәрбие қажет ететін оқушыларды тәрбиелеудегі отбасының рөлі» (топпен жұмыс)
  • 5) «Ситуативті кедергі. Рольдік ойындар»
  • 6) «Сергіту сәті»

Іс-шара барысында психологтар ата-аналарға толығынан көмек беру негізіндегі теориялық білімдерін жан-жақты көрсете алды. Осыған дейін де жүргізіліп келген іс-шаралардың мазмұны бүгінгі семинар барысында өзіндік үндесін тапты. Қорытындылай келе, теориялық тақырып ашылып, топпен практикалық жұмыстар жасалды. Семинардың бағдарламасында жоспарланған жұмыстар жоғары деңгейде нәтиже бере білді.

Tags: Кульжанова Р.Ж. психологи № 8 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда