Жырлары мөлдір бұлақтай

Автор: Рзабаева С.А., № 53 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Жырлары мөлдір бұлақтай Сәулетті сөздің шебері, жаны жайдары, алтын қалам иесі Сағи Жиенбаевтың жырлары жас ұрпаққа үлгі, өнеге. Жерлес ақынның 80 жылдығына орай Ақтөбе қаласының № 53 орта мектебінің шаңырағында «Жырлары мөлдір бұлақтай» атты қалалық оқырмандар конференциясы болып өтті.

Негізгі басты мақсат – ақынның ғибратқа толы өмірі мен шығармашылығын қалың көпшілікке, оқушыларға насихаттау. Конференцияға белгілі Абайтанушы, облыстық тілдерді дамыту басқармасының маманы Қуанышбай Қоңтай, қалалық ғылыми әдістемелік орталығының әдіскері Куразова Құралай Ілиясқызы қатысты. Кеш барысында ақын поэзиялары жатқа оқылды. № 51 мектеп-гимназия, № 31 мектеп оқушылары және № 53 мектеп оқушылары ақынның шығармашылығын зерделеп, өз ойларын ортаға сала білді.

Ақтөбе облысының Сағи Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының инновациялық әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ермекбаева Алтынгүл Асқарқызы кітапхана тарихы туралы баяндап, “Сағи ақынның сырлы сандығы” атты вертуалды кітап көрмесі ұсынылды. Конференция соңында ақынның өлең шумақтарына жазылған әндер шырқалды.

images images images

Tags: конференция № 53 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда