Қазақстан – бақытымның ордасы

Автор: Куптлеуова Г.Д., МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының». Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Қазақстан – бақытымның ордасы 2014 жылдың 6 қараша күні МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы білім бөлімі мен МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» жоспары негізінде қалалық «Қазақстан – бақытымның ордасы» атты қалалық мемлекеттік тіл конкурсы өткізілді.

Конкурстың мақсаты: осы заманға білім кеңістігінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру;тарихи және мәдени дәстүрлердің ең жақсы рухани мұралары негізінде оқушыларды азаматтыққа және патриоттыққа тәрбиелеу;жоғары сынып оқушыларының мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениетін, салт – дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу; мемлекеттік тілді жетік меңгерген оқушыларды қолдау және мадақтау.

Конкурсқа жалпы білім беретін орыс мектептерінің мемлекеттік тілді жетік меңгерген, мектепшілік тіл конкурсының жеңімпаздары 9-11 класс оқушылары қатысты.

Конкурс мемлекеттік тілде өткізілді және қытысушылар өздерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін, тарих, қазақ халқының салт – дәстүрі туралы білімдерін көрсету, ән айту, би билеу, музыкалық аспапта ойнау шеберліктерін көрсетті.

Байқау төрт кезең бойынша өткізілді:

  • 1-бөлім «Таныстыру»
  • 2-бөлім «Зияткерлік турнир»
  • 3-бөлім «Қазақ тілін насихаттау»
  • 4-бөлім «Өнерлі өрге жүзер»

Бұл конкурсқа 6 орыс тілде оқытылатын жалпы орта білім беретін мектептері қатысты: № 20 ОМЛ, № 12 ОМ, № 9 ОМГ, № 22 ОМ, № 25 ЖОМ, № 17 ОМГ.

images images images

Қазылар алқасының қызметін атқаруға облыстық тарихи – өлкетану мұражайының аға қызметкері Тұралиева Айсұлу Алтынбекқыз, Ақтөбе облыстық жастар мен жұмыс жөніндегі ресурс орталығының кеңесшісі Бисембина Айгүл Кабиқызы, «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Үйінің» оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Бекбергенова Дамеш Кенжалықызы шағырылды. Байқауда жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ орындары Ақтөбе қаласы білім бөлімінің дипломдарымен және төрт бөлім бойынша МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» мадақтамалармен марапатталды.

  • І орын – № 9 ОМГ 9 класс оқушысы Смертынюк Александра;
  • ІІ орын – № 12 ОМ 10 класс оқушысы Касымова Ризвангуль;
  • ІІІ орын – № 20 ОМЛ 10 класс оқушысы Азизова Гультекен иеленді.
  • «Үздік таныстыру» номинациясы № 22 ОМ 9 класс оқушысы Ефременко Вероника;
  • «Қазақ тілін насихаттау» кезені бойынша № 17 ОМГ 11 класс оқушысы Сон Чейон;
  • «Өнерлі өрге жүзер» номинациясы № 25 ЖОМ 10 класс оқушысы Фараджов Фарадж иеленді.

Қалалық «Қазақстан – бақытымның ордасы атты мемлекеттік тіл конкурсының І, ІІ, ІІІ орынның жеңімпазын жоғары деңгейде дайындаған үшін № 9 ОМГ мұғалімі Құрманалина Айгүл Сейдалиевна, № 12 ОМ мұғалімі Жұмашева Гулбаршын Тулеуовна, № 20 ОМЛ мұғалімі Карарова Сара Акбергеновна Ақтөбе қаласы білім бөлімінің алғыс хаты марапатталды. Номинацияларға иеленген оқушылардың мұғалімдеріне МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» алғыс хаты тағайындалды.

Қалалық «Қазақстан – бақытымның ордасы» атты мемлекеттік тіл конкурсына «Қазақстан - Ақтөбе», РИКА-ТВ бұқаралық ақпарат құралы қатысып, орыс тілінде әдістемелік бөлім меңгерушісі Кобыльникова Надежда Даниловна, қазақ тілінде әдіскер Куптлеуова Гүлжайнар Даулетқызы сұхбат берді.

Tags: Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда