Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Автор: Бакешова А.Н., ҚҒӘО əдіскері. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

images 2014 жылдың 22 қазанында ҚҒӘО-ның 2014-2015 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес № 34 орта мектепте «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін практикалық есептер арқылы дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің математика, физика және информатика пәні мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты «Математика, физика, информатика пәндерін оқытудағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, практикалық есептерді шығару дағдыларын қалыптастыра отырып іс-тәжірибе алмасу».

Семинардың теориялық және практикалық бөлімінен соң, ҚҒӘО-ның әдіскерлерімен бірлесе отырып, семинарға қатысушы жас мұғалімдермен ой-толғаныс өткізілді. Семинар соңында қатысушы жас мамандар «Семинар сабақ маған ұнады. Білмеген нәрсемді үйреніп, қажеттісін түртіп алдым», «Бағалау туралы мәлімет өте мазмұнды болды», «Жас мамандарға арналған семинарлар жиі-жиі болып тұрса» деген ұсыныстарымен қоса, № 34 ОМ ұжымының еңбектеріне жеміс тілей отырып, қалалық семинар «жақсы деңгейде өтті» деген тілектерін жазып қалдырды.

images images images

Tags: семинар математика Бакешова А.Н. № 34 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда