Дарынды оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру

Автор: Қорғанбаева Н., № 31 орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Дарынды оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру Мақсаты – география пәні бойынша сарамандық жұмысты өткізу барысында оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы дарынды оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық жұмыста өздерінің қабілеттерін іске асыруға және алған білімдерін өмірде тиімді қолдана білуге дейінгі дәрежеге жеткізуге бағыт- бағдар беру.

Педагогикалық шеберхана ҚҒӘО әдіскері А.С. Садықованың «Білім алушылардың жаратылыстану ғылымдарындағы функционалдық сауаттылығын арттыра отырып ғылыми көзқарастарын қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасымен басталып, «География сабағын сарамандық жүйеде оқыту арқылы дарынды оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру» атты Н.Ө. Қорғанбаеваның коучинг-сессиясымен жалғасын тапты.

Шеберхана мұғалімдері «Дарындылар», «Таланттылар», «Көшбасшылар» болып, үш топқа бөлінді. Топқа бөлінгеннен кейін аттарын қойып, оның аталу себебін ассоциация арқылы ашып көрсетті. «Дарынды оқушыны анықтауда оқушылармен жеке-дара жұмыс жүргізудің маңызы» атты слайд- шоу арқылы бүгінгі жұмыстың негізгі тақырыбына қысқаша тоқталып өтілді.

Әрбір топқа негізгі тақырыпқа байланысты тақырыпшалар яғни 1-топқа «Олимпиадаға дайындауда сарамандық жұмыс тапсырмаларын жүйелі берудің маңыздылығы» топ басшысы Кенжебаева А.; 2-топқа «Сарамандық жұмыстарды орындау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, интелектуалдық қабілеттерін дамыту жолдары» топ басшысы Жолмағамбетов М.; 3-топқа «Сарамандық жүйеде оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру» топ басшысы Рсмағамбетов М. беріліп, олар өздерінің топ мүшелерімен ақылдасып, сол жерде постерге түсіріп және АКТ-ны қолдана отырып, слайд-шоу жасап шығарды. Топ мүшелері өздерінің жұмыстарын қорғады. Қорғау барысында сарамандық жұмыстарды орындауда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыратын тапсырмаларды жиі беру керектігі, сарамандық жұмыстарда берілетін тапсырмалар негізінде болашақта пәндік олимпиадаға баратын оқушылар таңдалатындығы, жоғарғы класс оқушылары тақырыптарды ашып қана қоймай, оларға байланысты ғылыми жобалар қорғауға бағыттауымызға болатындығы анықталды.

Соңында «Балық қаңқасы» әдісі арқылы бүгінгі тақырыптың проблемасы, себептері, дәлелдемелері ашылып, қорытындысы шығарылды. Жұмыстың рефлексиясы жасалып, мұғалімдер өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Қорытынды сөз ҚҒӘО директорының орынбасары Д.Т. Габдрашеваға берілді: Бүгінгі педагогикалық шеберхана өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Әріптесіміз Н.Ө. Қорғанбаеваның бүгінгі отырысты жаңа форматта ұйымдастырып, өткізуінің өзі ерекше болды. Барлығыңыз бұл мәселені шешуде жұмыла кірісіп, бірлескен жұмыстар атқардыңыздар. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осындай ұйымшылдықтарыңыз арта берсін демекпін.

images images images

Tags: № 31 орта мектеп география Садықова А.С.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда