Үлгерімі нашар оқушылармен жұмысты жандандыру

Автор: Россовхоз орта мектеп. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Үлгерімі нашар оқушылармен жұмысты жандандыру Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2014 жылдың 25-қарашасы күні № 14 орта мектебінде Россовхоз орта мектебімен бірігіп (ауыл мектебі мен қала мектептерінің байланысын нығайту мақсатында) бастауыш класс мұғалімдеріне арналған «Үлгерімі нашар оқушылармен жұмысты жандандыру: ізденіс пен мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Семинардың мақсаты – бастауыш кластарда үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс түрлерін көрсету және оны іс-тәжірибесімен бөлісу.

Дөңгелек үстел «Аквариум техникасы» формасымен басталып, үлгерімі нашар оқушыларды қалай анықтауға болатындығы туралы мектеп психологінің жұмысымен жалғасып, «Дифференциалдық тапсырмалар» «Ұжымдық оқыту технологиясы» «ТРИЗ» технологияларын пайдалана отырып үлгерімі нашар оқушылармен жұмысты қалай жандандыруға болатындығы туралы шебер – кластар көрсетіліп, «Әр бала жұлдыз болуға лайық» коучингі жүргізілді. Бұл дөңгелек үстелдің қала мектептерінен келген бастауыш класс мұғалімдеріне нашар оқушылармен жүргізетін жұмыстарын жандандыруларына қосар үлесі зор екендігіне сенімдіміз.

«Үлгерімі нашар оқушылармен жұмысты жандандыру: ізденіс пен мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстелді өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөліскен № 14 орта мектебі мен Россовхоз орта мектептерінің ұжымына шығармашылық табыс тілейміз.

images images images

Tags: бастауыш класс Россовхоз орта мектеп № 14 орта мектеп

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда