Биология пәні педагогикалық шеберхана

Автор: Айбасова Д.Е., № 51 гимназия. Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Биология пәні педагогикалық шеберхана Мақсаты: Жеке тұлғаның білім алуға деген өзіндік сенімін арттыру, өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасай отырып, оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дамыту. Қазақстан Республикасының дені сау және рухани жан-жақты дамыған азаматын қалыптастыру.

Педагогикалық шеберхана тұсаукесері ҚҒӘО әдіскері А. Садықова мен № 51 гимназия директоры А.Б.Бегимованың құттықтау сөздерімен басталып, «Биология пәні бойынша оқушылардың танымдылық, біліктілік, икемділік қасиеттерін қалыптастыруда шығармашылық зертхананың ролі» атты шығармашылық зертхана тұсаукесерінің ұйымдастыру бөлімімен жалғасты.

«Биіктік бастауы» атты тақырыпта Д.Е. Айбасованың еңбек жолына қысқаша шолу жасалынып, педагогтың шәкірттерінің жетістіктері ерекше аталып өтті. Шығармашылық шеберхана жетекшісі Д.Е. Айбасова слайд арқылы шығармашылық шеберхана моделімен және шығармашылық шеберхана мүшелерімен таныстырып, болашақта атқарылатын міндеттермен бөлісіп, әрі қарай негізгі бөліммен жалғасын тапты.

Шеберхана мұғалімдері үш топқа бөлінді. Әрбір топқа негізгі тақырыпқа байланысты тақырыпшалар яғни 1-топқа «Зертханалық сабақ деген не?»; 2-топқа «Зертханалық сабақ әдістемесінің өзіне тән ерекшелігі?»; 3-топқа «Зертханалық сабақтың табысты болуы неге байланысты?» беріліп, олар өздерінің топ мүшелерімен ақылдасып, сол жерде интерактивті тақтада АҚТ-ны қолдана отырып, ассоциация жасап, топ мүшелері өздерінің жұмыстарын қорғады. Қорғау барысында зертханалық жұмыстарды орындауда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыратын тапсырмаларды жиі беру керектігі, зертханалық жұмыстарда берілетін тапсырмалар негізінде болашақта пәндік олимпиадаға баратын оқушылар таңдалатындығы, жоғарғы класс оқушылары тақырыптарды ашып қана қоймай, оларға байланысты ғылыми жобалар қорғауға бағыттауымызға болатындығы анықталды.

Соңында бүгінгі тақырыптың проблемасы, себептері, дәлелдемелері ашылып, қорытындысы шығарылды. Жұмыстың рефлексиясы жасалып, мұғалімдер өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Қорытынды сөз ҚҒӘО әдіскері А.С. Садықоваға берілді: Бүгінгі педагогикалық шеберхана өз мақсатына жетті. Әріптесіміз Д.Айбасова бүгінгі отырысты жаңа форматта ұйымдастырып, өткізуінің өзі ерекше болды. Барлығыңыз бұл мәселені шешуде жұмыла кірісіп, бірлескен жұмыстар атқардыңыздар. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осындай ұйымшылдықтарыңыз арта берсін демекпін.

Tags: № 51 гимназия шеберхана Садықова А.С.

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда