Туған өлкеге саяхат

Автор: Кубашева Ә.М., МҚКК «Қалалық жас туристер станцасы». Опубликовано в Мұрағат (2014 жылы)

Туған өлкеге саяхат Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай «Туған өлкеге саяхат» қалалық байқауы өткізілді. 2014 жылы 28 қараша күні № 10 орта мектепте қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай 8-9 класс аралығындағы оқушыларға арналған қалалық байқауы өтті. Байқауға оқушылар жылма-жыл үлкен қызығушылықпен және белсенділікпен қатысады.

Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың өз өлкесіне деген сүйіспешіліктерін, патриоттық сезімдерін арттыру, туған жерінің тарихын, табиғатын танып – білуге, белгілі қайраткерлерін құрметтеп және ізденушілікке баулу болып табылады.

Байқауға қаламыздың 20 мектебінен 80-ге жуық оқушысы қатысты. Қалалық байқаудың бағдарламасы келесі кезеңдерден болды:

  • Команданың өзін – өзі таныстыруы.
  • Бәйге «Туған өлкеге саяхат» (Ақтөбе облысының және қаласының тарихы, мәдениеті, экологиясы бойынша сұрақтар).
  • Көкпар. «Туған өлкенің сөнбес жұлдыздары».
  • «Ақтөбе – батырлар мекені» Ұлы Отан соғысындағы жерлестеріміз туралы альбом байқауы.

«Туған өлкеге саяхат» қалалық байқауының қорытындысы бойынша:

  • І орынды № 45 орта мектеп командасы.
  • ІІ орынды № 40 орта мектеп командасы иеленді.
  • ІІІ орынды № 25 орта мектеп командасы және № 24 лингвистикалық мектеп – гимназиясы иеленді.
  • «Жас патриоттар» номинациясы бойынша «Сымбат» жеке мектебі және Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебі;
  • «Өз өлкесінің білгіштері» номинациясы бойынша «Россовхоз» орта мектебі және № 34 орта мектебі;
  • «Өз өлкесінің тапқырлары» номинациясы бойынша «Новый» орта мектебі № 17 орта мектебі;
  • «Жас өлкетанушылар» номинациясы бойынша № 1 орта мектебі және № 9 орта мектеп-гимназиясы иеленді.

Жеңімпаздар Ақтөбе қаласының білім бөлімінің дипломдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар «Елін сүйген ел басы» кітаптар көрмесін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арнап Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері ұйымдастырды.

Tags: Тұңғыш президент күні Қалалық жас туристер станцасы

Бізбен байланысыңыз

  • Директор: 219-074
  • Сенім телефоны: 212-377
  • Қабылдау: 214-702
  • Әдіскерлер: 215-741
  • Бухгалтерлік есеп: 214-702

Байланыс ақпараты

Городской научно-методический центр Актобе

  • Регион: Казахстан, Актобе
  • Улица: Алтынсарина, 2
  • Телефон: 8 (7132) 214-702
  • gnmc2012@mail.ru

Біз карталарда